https://sputnik.kz/20231114/shymkentte-zhurgizushi-politseylerge-million-tenge-para-usyngan-40157641.html
Шымкентте жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған
Шымкентте жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған
Sputnik Қазақстан
Полицейлер бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар беріп, мас жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізген 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T15:08+0500
2023-11-14T15:08+0500
2023-11-14T15:08+0500
полиция
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910758_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_0040d6f1234be36f0a7990763045c0be.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында полицейлерге бір миллион теңге пара ұсынған жүргізуші тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Полицейлер түнде қаланы патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Салоннан алкогольдің иісі шығып тұрғандықтан тәртіп сақшылары жүргізушіден медициналық тексерістен өтуді талап еткен. Ал ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін оларға бір миллион теңге ұсынған.Полицейлер бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар беріп, мас жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізген. Тексеріс кезінде оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы – 346 (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) және 367 (Пара беру) бойынша тергеу басталды.Көлікті құжатсыз және мас күйде жүргізгені үшін бес жылға дейін, сол сияқты пара беруге оқталғаны үшін де бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910758_327:0:3058:2048_1920x0_80_0_0_b97daa61faa4510db80240c992396495.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция
Шымкентте жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған
Полицейлер бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар беріп, мас жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізген
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында полицейлерге бір миллион теңге пара ұсынған жүргізуші тергеуге алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
Полицейлер түнде қаланы патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Салоннан алкогольдің иісі шығып тұрғандықтан тәртіп сақшылары жүргізушіден медициналық тексерістен өтуді талап еткен. Ал ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін оларға бір миллион теңге ұсынған.
Полицейлер бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар беріп, мас жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізген. Тексеріс кезінде оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы – 346 (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) және 367 (Пара беру) бойынша тергеу басталды.
Көлікті құжатсыз және мас күйде жүргізгені үшін бес жылға дейін, сол сияқты пара беруге оқталғаны үшін де бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.