https://sputnik.kz/20231114/qazaqstandyq-oqushylar-duniezhuzilik-olimpiadada-zhuldeger-atandy-40164014.html
Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жүлдегер атанды
Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жүлдегер атанды
Sputnik Қазақстан
Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 6-11 сынып оқушылары қатысты 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T19:14+0500
2023-11-14T19:14+0500
2023-11-14T19:29+0500
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39043428_0:50:1280:770_1920x0_80_0_0_001842239c502b4204352f070f2df5b2.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды:Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурде 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.Мақсат – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39043428_94:0:1186:819_1920x0_80_0_0_49f197562f0b629087cc415b21384876.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жүлдегер атанды
19:14 14.11.2023 (жаңартылды: 19:29 14.11.2023) Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 6-11 сынып оқушылары қатысты
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.
Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды:
2-орын (күміс) "Future Engineers" категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Аңсар Сәуірбаев және Әмір Қарабаев;
3-орын (қола) "Robo Mission" категориясында Астана қаласының 8,9-сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Қапаров;
3-орын (қола) "Future Engineers" категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.
Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурде 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.
Мақсат – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.