https://sputnik.kz/20231114/qazaqstanda-qus-eti-men-zhumyrtqa-qymbattauy-mumkin-40151230.html
Қазақстанда құс еті мен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін
Қазақстанда құс еті мен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Елімізде 68 фабрика бар 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T11:32+0500
2023-11-14T11:32+0500
2023-11-14T11:32+0500
жұмыртқа
құс
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0e/40145441_4:0:896:502_1920x0_80_0_0_e749d62709a8f6e8e201e03d165b6218.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстанда соңғы жылдары тауық еті мен жұмыртқа шығаратын 12 құс фабрикасы жабылып қалған. Бұның барлығы нарыққа теріс әсер етіп, салдары жұмыртқаның күрт қымбаттауына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы. Кәсіпорындардың тоқырауға ұшырауына мемлекеттен бөлінетін кейбір субсидиялық төлемдердің тоқтатылуы және құс жемінің қымбаттауы себеп болған. Мәселен, 2010 жылы құрылған бір фабрика осы уақытқа дейін 130 мың тонна құс етін өндірген. Бүгінде 300 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынға қажетті инкубациялық жұмыртқа Франциядан, вакцина мен басқа да жабдықтар Еуропа елдерінен жеткізіледі. Бұрын осы шығындардың бір бөлігі субсидияның арқасында жабылатын.Статистикаға сәйкес, елімізде 68 фабрика бар. Бұл кәсіпорындар жылына 5 миллиардтан астам жұмыртқа шығарып, 290 мың тонна құс етін өндіреді. Яғни, ішкі нарық отандық өніммен толық қамтылған. Ал, отандық өндірушілерге мемлекетік қолдау болмаса, нарықта импорттық өнім көбеюі мүмкін.Жауапты министрлік субсидия тоқтаса да, саланы қолдау жалғасады дейді. Мәселен, биылдың өзінде құс шаруашылығын қаржыландыруға мемлекет 12,9 млрд теңге қаржы бөлген. Бұл қаржы құрылыс жұмыстарын, қажетті жабдықтар алуды субсидиялауға жұмсалған."Биыл бюджеттік комиссияның шешімімен жұмыртқа өндірісіне бағытталған субсидияны тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ішкі нарықты жұмыртқамен қамту көрсеткіші 100 пайыздан асып жығылады. Жылдар бойы мемлекет демеп келді. Шынын айтқанда, жұмыртқадан 3 теңге алынып тасталғанмен, бұл сала мүлде субсидиясыз қалмайды", - деп атап көрсетті ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.Ал экономист Әлішер Қожаспаев болса, елдегі субсидиялау саясатын қайта қарастыру керектігін айтады. Яғни мемлекеттік қолдауды жарымжан жобаларға емес, болашағы бар кәсіпорындарға бағыттау керек дейді."Субсидиялауға триллиондаған қаржы кетіп жатыр. Субсидияның арқасында дамыған кәсіпорындар саусақпен санарлық, ал қалғандары үкіметке әлі қол жайып отыр. Мемлекеттік қолдаудың шарттары қатаң болуы тиіс. Субсидия алған кәсіпорын алғашқы 1-2 жылда тапқан табысты бизнесті дамытуға, оны бәсекеге қабілетті етуге жұмсауы керек. Өйткені бұл – салық төлеушілердің ақшасы", - дейді экономист.
https://sputnik.kz/20231107/ukimet-zhumyrtqanyn-qymbattap-bara-zhatqanyna-alandauly-39972645.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0e/40145441_116:0:785:502_1920x0_80_0_0_4df3d61bbc15833950c32b58a4e41acb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, құс
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстанда соңғы жылдары тауық еті мен жұмыртқа шығаратын 12 құс фабрикасы жабылып қалған. Бұның барлығы нарыққа теріс әсер етіп, салдары жұмыртқаның күрт қымбаттауына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды
Хабар 24 арнасы.
Кәсіпорындардың тоқырауға ұшырауына мемлекеттен бөлінетін кейбір субсидиялық төлемдердің тоқтатылуы және құс жемінің қымбаттауы себеп болған. Мәселен, 2010 жылы құрылған бір фабрика осы уақытқа дейін 130 мың тонна құс етін өндірген. Бүгінде 300 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынға қажетті инкубациялық жұмыртқа Франциядан, вакцина мен басқа да жабдықтар Еуропа елдерінен жеткізіледі. Бұрын осы шығындардың бір бөлігі субсидияның арқасында жабылатын.
"Субсидияның аз да болса көмегі бар. Осы жердегі халықтың жұмысы, айлығы, жем-шөп мәселелерін шешуде көмегі тиді. Шетелден әкелінетін қондырғылар, қосалқы бөлшектер пайдаланылды. Субсидияны алып тастағаннан кейін өнімнің өзіндік бағасы өзгерді", - дейді құс фабрикасының өндіріс жөніндегі директоры Марат Әбіш.
Статистикаға сәйкес, елімізде 68 фабрика бар. Бұл кәсіпорындар жылына 5 миллиардтан астам жұмыртқа шығарып, 290 мың тонна құс етін өндіреді. Яғни, ішкі нарық отандық өніммен толық қамтылған. Ал, отандық өндірушілерге мемлекетік қолдау болмаса, нарықта импорттық өнім көбеюі мүмкін.
Жауапты министрлік субсидия тоқтаса да, саланы қолдау жалғасады дейді. Мәселен, биылдың өзінде құс шаруашылығын қаржыландыруға мемлекет 12,9 млрд теңге қаржы бөлген. Бұл қаржы құрылыс жұмыстарын, қажетті жабдықтар алуды субсидиялауға жұмсалған.
"Биыл бюджеттік комиссияның шешімімен жұмыртқа өндірісіне бағытталған субсидияны тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ішкі нарықты жұмыртқамен қамту көрсеткіші 100 пайыздан асып жығылады. Жылдар бойы мемлекет демеп келді. Шынын айтқанда, жұмыртқадан 3 теңге алынып тасталғанмен, бұл сала мүлде субсидиясыз қалмайды", - деп атап көрсетті ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.
Ал экономист Әлішер Қожаспаев болса, елдегі субсидиялау саясатын қайта қарастыру керектігін айтады. Яғни мемлекеттік қолдауды жарымжан жобаларға емес, болашағы бар кәсіпорындарға бағыттау керек дейді.
"Субсидиялауға триллиондаған қаржы кетіп жатыр. Субсидияның арқасында дамыған кәсіпорындар саусақпен санарлық, ал қалғандары үкіметке әлі қол жайып отыр. Мемлекеттік қолдаудың шарттары қатаң болуы тиіс. Субсидия алған кәсіпорын алғашқы 1-2 жылда тапқан табысты бизнесті дамытуға, оны бәсекеге қабілетті етуге жұмсауы керек. Өйткені бұл – салық төлеушілердің ақшасы", - дейді экономист.