https://sputnik.kz/20231114/nauqas-darigerge-barganyn-qr-kod-arqyly-rastaydy--ministrlik-40162716.html
Науқас дәрігерге барғанын QR-код арқылы растайды – министрлік
Науқас дәрігерге барғанын QR-код арқылы растайды – министрлік
Sputnik Қазақстан
Пилоттық жоба Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының ауруханаларында басталады 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T20:35+0500
2023-11-14T20:35+0500
2023-11-14T20:35+0500
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17833729_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4b7fcf23cefde9fbc7fdc3f1c6d6782e.jpg
АЛМАТЫ, 14 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі пациенттің медициналық қызмет алғанын QR-код арқылы растау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.Жоба Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады, деп хабарлады министрлік.QR код науқастың дәрігерге барғанын растау үшін қолданылады. Емханаға келгеннен кейін пациент EGOV mobile қосымшасы арқылы дәрігердің кеңсесіндегі QR кодты сканерлеуі керек. Осылайша пациент медициналық мекемеге барғанын растайды.Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен - емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көреді.Медициналық мекемелердің өздері бұл жүйе арқылы медициналық көмек сапасын бақылай алады.Ведомство пилотты жобаны енгізер алдында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама жүргізілгенін айтты. Сауалнамаға 1105 пациент және 2732 дәрігер қатысты. Нәтижесінде пациенттердің 50%-і дәрігерге баруды растау үшін QR кодын енгізу идеясын қолдаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17833729_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_628eaad9b41ee635585b3d7f8fa1da5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана
Науқас дәрігерге барғанын QR-код арқылы растайды – министрлік
Пилоттық жоба Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының ауруханаларында басталады
АЛМАТЫ, 14 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі пациенттің медициналық қызмет алғанын QR-код арқылы растау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
Жоба Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады, деп хабарлады министрлік.
QR код науқастың дәрігерге барғанын растау үшін қолданылады. Емханаға келгеннен кейін пациент EGOV mobile қосымшасы арқылы дәрігердің кеңсесіндегі QR кодты сканерлеуі керек. Осылайша пациент медициналық мекемеге барғанын растайды.
Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен - емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көреді.
"Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің медициналық қызметке қаншалықты қанағаттанғанын білуге және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі "тіркеулерді" алып тастауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Медициналық мекемелердің өздері бұл жүйе арқылы медициналық көмек сапасын бақылай алады.
Ведомство пилотты жобаны енгізер алдында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама жүргізілгенін айтты. Сауалнамаға 1105 пациент және 2732 дәрігер қатысты. Нәтижесінде пациенттердің 50%-і дәрігерге баруды растау үшін QR кодын енгізу идеясын қолдаған.