ЕАЭО: интеграцияның экономикаға әсері Тоқаев ұсынған әдістеме арқылы бағаланады

© Sputnik / Владислав Воднев / Медиабанкке өтуЕАЭО туы
ЕАЭО туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Жазылу
Сарапшылар әдістемені талқылап жатыр, оны осы жылдың соңына дейін бекіту жоспарланған
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикаларын дамытуға интеграциялық процестердің әсерін бағалау әдістемесі әзірленп жатыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
"Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) елдік және еларалық "енгізу-шығару" кестелерінің құралдарын пайдаланады", - деп атап өтті ведомство.
Осы әдіснама пайдаланыла отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграцияның жиынтық әсеріне есептеу жүргізіледі.
Сондай-ақ ол ЖІӨ-ге тауарлар мен қызметтердің өзара саудасы, өзара инвестициялар және еңбек ресурстарының көші-қоны көрсеткіштерінің үлесін есептеуге мүмкіндік береді.
"ЕАЭО-ның "бестік" тәжірибесін зерделеу мен пайдалануды кейіннен ұлттық салааралық теңгерімді есептеу кезінде қолдануға болады, сондай-ақ ұлттық экономикалардың және тұтастай ЕАЭО-ның дамуын бағалау үшін Әдістеме қажет болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда әдіснама жобасын сараптамалық талқылау жүргізіліп жатыр.
Әдістемені биылғы жылдың соңына дейін бекіту жоспарланған.
Жаңалықтар
0