"Бір күн қалды": емханаға тіркелу науқаны аяқталуға жақын

© Photo : Пресс-служба акима АстаныПоликлиники Астаны получили новые автомобили
Поликлиники Астаны получили новые автомобили  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Жазылу
2024 жылдан бастап медициналық көмек алу үшін өзге емханаға ауысуға мүмкіндік беріледі
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл сайынғы емханаға тіркеу науқанының аяқталғанына бір күн қалды, деп хабарлайды медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
15 қараша емханаға тіркеу науқаны аяқталады.
"2024 жылдан бастап медициналық көмек алу үшін өзге емханаға ауысуға мүмкіндік беріледі", - делінген ресми хабарламада.

Емханаға не үшін тіркеледі?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін міндетті түрде емханаға тіркелу керек. Денсаулығыңызға қатысты қандай да бір шағым болса емдеуді тағайындау немесе одан әрі тексерілуге жолдама алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге бара аласыз.
Пациент медициналық көмек алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге (терапевт/ жалпы тәжірибе дәрігері/ педиатр) барады. Ол қабылдауға келген адамның денсаулық жағдайын бағалап, анамнез жинап, алдын-ала диагноз қояды. Кейбір жағдайларда емдеуді тағайындап, бейінді маманға жолдама береді.

Қайда тіркелуге болады?

Азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін клиникаларға тіркеле алады. Оған қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, отбасылық денсаулық орталықтары кіреді. Бұл медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасады.
Жеке тұлғалар тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша өз еркімен бір клиниканы таңдай алады.

Жекеменшік клиникаға тіркелуге бола ма?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың меншік нысанына қарамастан алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасады. Сондықтан жеке меншік клиникаға да тіркелуге болады.
2024 жылға арналған тіркеу науқанына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 745 ұйым қатысады, оның жартысынан көбі - 385 жекеменшік клиника.

Менің рұқсатым болмаса, басқа емханаға тіркей ала ма?

Денсаулық сақтау басқармалары азаматтар үшін қолжетімділік қағидатын ескере отырып, халыққа қызмет көрсету аумағын медициналық ұйымдар бойынша қайта бөле алады. Бірақ емхана қызметкерлері тіркелген адамдарға телефон арқылы (базада нөмірі көрсетілген жағдайда) жазбаша немесе басқа тәсілмен хабарлау керек. Комиссияның шешімімен келіспесе, басқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымға тіркеуге өтініш бере алады.
Егер өтініш бермесеңіз және емханаңыздың ауысқанын байқасаңыз, алдымен денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңыз керек. Егер бұл аймақтық комиссияның шешімі болмаса, ресми шағым бере аласыз.

Жаңа емхананың жұмысы ұнамаса не істеу керек?

Пациент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа емханада қызмет ала бастайды. Егер медициналық көмек алу барысында бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, еркін таңдау құқығын пайдалана аласыз. Яғни, жылына бір рет тіркеу науқанынан тыс кезде емхананы ауыстыруға болады.

Емхананы қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Пациент келесі жағдайларда емханасын ауыстыра алады:
1.
тұрғылықты жерін ауыстырған кезде;
2.
бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде емхананы еркін таңдау кезінде;
3.
15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы тіркеу науқаны кезінде;
4.
өңірлік комиссияның ұйғарымымен емханаға тіркегеніне келіспеген жағдайда;
5.
емхана алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, сонымен бірге емхананы қайта ұйымдастыруға, таратуға байланысты;
6.
егер емхана Қормен шарт жасаспаса /шартты бұзған жағдайда/ медициналық қызметтер көлемін алмаса;
7.
қызмет көрсету аумағында жаңа клиникалар пайда болған кезде.

Қайда хабарласуға болады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірнеше байланыс арналары бар. Олар:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
fms.kz ресми сайты
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
1414 байланыс орталығы
Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді.
Ал электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну" мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
Жаңалықтар
0