https://sputnik.kz/20231113/zhumysynan-ayyrylgan-172-mynnan-astam-adam-aleumettik-tolem-aldy-40121428.html
Жұмысынан айырылған 172 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жұмысынан айырылған 172 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Sputnik Қазақстан
Жұмыстан босатылған қызметкерлер соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T12:06+0500
2023-11-13T12:06+0500
2023-11-13T12:06+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7034aaf2d5ef54e6e88a16d4b0c6b886.jpg
АЛМАТЫ, 13 қараша – Sputnik. Қазақстанда 172,3 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.166,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 37,8 млрд теңге.Ол үшін жұмыстан босатылған жұмыскер eGov.kz порталында авторизациядан өту керек. Сосын "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдайды."Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі", - дейді ведомство.Бұл қызметті онлайн режимінде Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_99ee8253d7120e6f9b5825eb68adbd55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жұмысынан айырылған 172 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жұмыстан босатылған қызметкерлер соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады
АЛМАТЫ, 13 қараша – Sputnik. Қазақстанда 172,3 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
166,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 37,8 млрд теңге.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Қаржы жоғалған кірістің 45%-не дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді", - дейді министрлік.
Ол үшін жұмыстан босатылған жұмыскер eGov.kz порталында авторизациядан өту керек. Сосын "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдайды.
"Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі", - дейді ведомство.
Бұл қызметті онлайн режимінде Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.