Қазақстанда жаңарту мен жөндеу мерзімдерін кешіктіретін ЖЭО иелері жазаланады

© Photo : Valeriy BUGAYEVАким области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Экибастуз, где проверил ход ремонтный работ на ТЭЦ
Аким области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Экибастуз, где проверил ход ремонтный работ на ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
Бұл - "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасын іске асыру шеңберінде заңнамаға ұсынылатын түзетулердің бірі ғана
АЛМАТЫ, 13 қараша - Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасында көзделген көрсеткіштерге қол жеткізілмеген жағдайда ЖЭО иелері үшін айыппұл санкцияларын енгізу ұсынылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарламада олар объективті себептер болмаған кезде жазаланады делінген.
Бұл "инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасын іске асыру шеңберінде заңнамаға ұсынылған түзетулердің бірі ғана.
Сонымен қатар мынадай түзетулер енгізілді:
уәкілетті органның "Инвестицияларға айырбас тарифі" саясаты бойынша алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау функцияларын (оның ішінде кез келген кезеңде жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылау) қайтару;
салынған инвестициялар шеңберінде қажетті нысаналы индикаторларды белгілеу (тозуды, апаттылықты төмендету, шартты отынның үлестік шығынын азайту, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту);
қаражатты, оның ішінде кәсіпорын басшыларына мақсатсыз пайдаланған жағдайда жауапкершілік белгілеу;
орындалатын жұмыстардың сапасы үшін мердігер ұйымдардың жауапкершілігін белгілеу кіреді.
Қазіргі күні энергетикалық қадағалауды күшейту жұмыстары жүріп жатыр.
"Сапалы және толыққанды тексеру іс-шараларын жүргізу мақсатында кәсіпкерлік кодекстің энергия объектілерін тексеруге тыйым салу талабын алып тастау мәселесі пысықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ инвестициялық келісімдердің орындалуына үш сатылы бақылауды енгізу ұсынылады. Ол үшін мына тәсілдер қарастырылады:
1.
Жобалық кеңсе базасында уәкілетті орган тарапынан бақылау, сондай-ақ инвестициялық келісімді іске асырудың барлық кезеңдерінде энергетикалық қадағалау комитетінің бақылауы;
2.
Қоғамдық ұйымдарды, нақты өңірдің тұрғындарын тарта отырып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау;
3.
Мүдделі тараптарды тарта отырып, жария тыңдаулар өткізу, құқық қорғау органдары тарапынан бақылау.
Ведомствода ЖЭО-ның қолданыстағы генерациялаушы қуаттарын жаңғырту, реконструкциялау және жаңарту үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0