Қазақстан мен Сан-Марино арасында визасыз режим енгізіледі

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуАрхивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы
Архивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
8 қарашада Сан-Марино қаласында Қазақстан үкіметі және Сан-Марино үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстандықтар Сан-Мариноға визасыз бара алады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, биыл 8 қарашада Сан-Марино қаласында Қазақстан үкіметі және Сан-Марино үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.
"Осы шартқа сәйкес жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар Қазақстан мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқа да мақсатта бір реттік немесе бірнеше рет іссапарға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Құжатты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әзірлеп, оған Қазақстанның Сан-Маринодағы елшісі қызметін қоса атқарушы Ерболат Сембаев пен Сан-Марино сыртқы істер, халықаралық-экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Бекхари қол қойған. Қазақстан СІМ Мысыр билігімен басқа да отандастарымызды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін шығаруға рұқсат алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим бүгіннен бастап күшіне енді
Жаңалықтар
0