Видео

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ұзақ мерзімді перспективада қалай дамиды – бейнекөпір

Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға ресми сапарының қорытындыларына арналған Астана-Мәскеу бейнеконференциясы өтіп жатыр.
Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Владимир Путиннің 9 қарашада Астанаға ресми сапары ынтымақтастыққа жаңа серпін берді.
Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың соңында рекордтық көрсеткішке — 28 миллиард долларға, биылғы жылдың 9 айында 18 миллиард долларға жетті.
Келіссөздер нәтижесінде алдағы үш жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды.
Бейнекөпір барысында спикерлер екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және су-энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Спикерлер:
- Александр Князев – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты халықаралық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері;
- Талғат Қалиев – қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры;
- Әлібек Тәжібаев – "Еуразиялық мониторинг" талдамалы зерттеулер орталығының директоры;
- Әнуар Нұртазин – экономист.
Жаңалықтар
0