https://sputnik.kz/20231113/ozbekstan-prezidentin-zhamandagan-zhigit-sottalyp-ketti-40116046.html
Өзбекстан президентін жамандаған жігіт сотталып кетті
Өзбекстан президентін жамандаған жігіт сотталып кетті
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін мұндай қылмыс үшін көбіне бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T09:15+0500
2023-11-13T09:15+0500
2023-11-13T09:15+0500
өзбекстан
шавкат мирзиёев
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_caf1320e9b87b06f8a075f9b4056bcb9.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Өзбекстанның Самарқан облысында19 жастағы жігіт президентке тіл тигізгені үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Gazeta.uz порталына сілтеме жасап.Іс материалдарына сәйкес, биыл жазда жас жігіт әлеуметтік желіде жарияланған "President family" деген видеоға өз пікірін жазған. Ол кезде шетелде жүрген. Ал сот сараптамасы кезінде президентке "тіл тигізу мен оның беделін түсіру" әрекеті анықталған. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалған.Жас жігіт таныстарының ақыл-кеңесінен кейін желідегі пікірін алып тастаған. Ал қылмыстық іс қозғалғанын естіген кезде өз еркімен елге оралуға шешім қабылдаған. Сотта ол өз кінәсін толығымен мойындады.Сот шешімімен ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек оның желідегі парақшасы бұғатталады.Айта кетері, бұған дейін мұндай қылмыс үшін көбіне бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған. Ал бұл жолы кінәлі адамды түрмеге отырғызуға шешім қабылданып отыр.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/46/254637_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_cc07fe909462bbbeffb38fc257f01146.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, шавкат мирзиёев
өзбекстан, шавкат мирзиёев
Өзбекстан президентін жамандаған жігіт сотталып кетті
Бұған дейін мұндай қылмыс үшін көбіне бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Өзбекстанның Самарқан облысында19 жастағы жігіт президентке тіл тигізгені үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Gazeta.uz
порталына сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, биыл жазда жас жігіт әлеуметтік желіде жарияланған "President family" деген видеоға өз пікірін жазған. Ол кезде шетелде жүрген. Ал сот сараптамасы кезінде президентке "тіл тигізу мен оның беделін түсіру" әрекеті анықталған. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалған.
Жас жігіт таныстарының ақыл-кеңесінен кейін желідегі пікірін алып тастаған. Ал қылмыстық іс қозғалғанын естіген кезде өз еркімен елге оралуға шешім қабылдаған. Сотта ол өз кінәсін толығымен мойындады.
"Сотталушы президент Шавкат Мирзиёев жүргізіп жатқан саясатқа қарсы шықпағанын, жастық пен көп нәрсені түсінбегеннен кейін президентке тіл тигізетін сөз жазғанын айтты", - делінген сот хабарламасында.
Сот шешімімен ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек оның желідегі парақшасы бұғатталады.
Айта кетері, бұған дейін мұндай қылмыс үшін көбіне бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған. Ал бұл жолы кінәлі адамды түрмеге отырғызуға шешім қабылданып отыр.