https://sputnik.kz/20231113/maskeuden-tabylgan-qazaqstandyq-zhauyngerdin-suyegi-elge-zhetkiziledi-40144124.html
Мәскеуден табылған қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізіледі
Мәскеуден табылған қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізіледі
Sputnik Қазақстан
Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық әскери құрметпен жерленеді 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T20:47+0500
2023-11-13T20:47+0500
2023-11-13T20:47+0500
мәскеу
ресей елшілігі
қазақстан елшісі
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0d/40142352_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_619f1ac8b52d1be07715f245cfaaa305.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.Оларды осы жылдың мамыр айында Мәскеу түбіндегі Апалщино ауылы маңынан "Эхо Войны" тобы іздеп тапқан.Жауынгердің медальонында сақталған жазбаның арқасында Қызылорда облысы Қазалы аудандық военкоматынан әскерге шақырылып, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысып, 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан Сейлан Мәметовтің (1912 жылы туған) кім екені анықталған.Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бүгінгі шара болашақ ұрпақ үшін құрбан болған жауынгерлерге тағзым екенін атап өтті."Сол кездегі адамдардың ерлігі туралы естелік қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады, кітаптарда, әндерде, монументтерде, мемориалдарда, мұражайлар экспозицияларында және көше атауларында бейнеленеді. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен адалдығыңыз таң қалдырады. Сіздер тарихи жад пен азаттығымыз үшін күрескен тұлғаларды құрметтеуге баға жетпес үлес қосасыздар", - деп атап өтті Дәурен Абаев.Өз кезегінде "Эхо Войны" іздеу жасағының командирі Геннадий Иванов Сейлан Мәметов сияқты жауынгерлердің арқасында жау Мәскеуді ала алмағанын атап өтті."Ол өз өмірін Жеңіс жолында құрбан етті. Өзін аямады, қорықпады, берілмеді, әскери борышын соңына дейін орындады. Қазір бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысымыз шексіз", — деп атап өтті Геннадий Иванов.Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық әскери құрметпен жерленеді.Қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін табу бойынша қазақстандық және ресейлік іздеу топтарының бірлескен жұмысы жалғасады.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0d/40142352_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7b20a3800d9ca911de81790b90fa45b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, ресей елшілігі, қазақстан елшісі, дәурен абаев
мәскеу, ресей елшілігі, қазақстан елшісі, дәурен абаев
Мәскеуден табылған қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізіледі
Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық әскери құрметпен жерленеді
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Оларды осы жылдың мамыр айында Мәскеу түбіндегі Апалщино ауылы маңынан "Эхо Войны" тобы іздеп тапқан.
Жауынгердің медальонында сақталған жазбаның арқасында Қызылорда облысы Қазалы аудандық военкоматынан әскерге шақырылып, 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысып, 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза тапқан Сейлан Мәметовтің (1912 жылы туған) кім екені анықталған.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бүгінгі шара болашақ ұрпақ үшін құрбан болған жауынгерлерге тағзым екенін атап өтті.
"Сол кездегі адамдардың ерлігі туралы естелік қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады, кітаптарда, әндерде, монументтерде, мемориалдарда, мұражайлар экспозицияларында және көше атауларында бейнеленеді. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен адалдығыңыз таң қалдырады. Сіздер тарихи жад пен азаттығымыз үшін күрескен тұлғаларды құрметтеуге баға жетпес үлес қосасыздар", - деп атап өтті Дәурен Абаев.
Өз кезегінде "Эхо Войны" іздеу жасағының командирі Геннадий Иванов Сейлан Мәметов сияқты жауынгерлердің арқасында жау Мәскеуді ала алмағанын атап өтті.
"Ол өз өмірін Жеңіс жолында құрбан етті. Өзін аямады, қорықпады, берілмеді, әскери борышын соңына дейін орындады. Қазір бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысымыз шексіз", — деп атап өтті Геннадий Иванов.
Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, толық әскери құрметпен жерленеді.
Қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін табу бойынша қазақстандық және ресейлік іздеу топтарының бірлескен жұмысы жалғасады.