Футболдан Қазақстан құрамасының матчтарына қатысатын ойыншылардың есімі жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанские болельщики на футбольном мачте
Казахстанские болельщики на футбольном мачте - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
Футболдан Қазақстан құрамасы 2 ойын өткізеді – өз алаңында Сан-Мариномен кездеседі және сырт алаңда Словенияға қарсыойнайды
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Бас бапкер Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңінің шешуші матчтарына қатысатын Қазақстан құрамасының бекітілген құрамын жариялады.
5 қарашадан бастап Астанада оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.
Бекітілген тізімге 27 ойыншы енді.
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы") және Данил Устименко ("Қайрат").
Қорғаушылар: Сергей Малый мен Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – "Тобыл"), Ян Вороговский, Александр Марочкин және Тимур Досмағамбетов (барлығы – "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым (Ақтөбе), Нұралы Әліп (Зенит, Ресей), Еркін Тапалов (Қызылжар) және Лев Скворцов ("Химки", Ресей).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов ("Копер", Словения), Максим Самородов пен Арман Кеңесов (екеуі де "Ақтөбе"), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков және Исламбек Қуат (барлығы "Астана"), Бактиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Александр Зуев (ИМТ, Сербия) және Ислам Чесноков ("Тобыл").
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Астана"), Вячеслав Швырев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Шахтер").
Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы кездесу 17 қараша күні "Астана Аренада" сағат 21:00-де басталады. Ал 21 қарашаға қараған түні сағат 01:45-те ұлттық құрама сырт алаңда Словенияға қарсы ойнайды – бұл ойын Еуро-2024 жолдамасы үшін шешуші болуы мүмкін.
Құрама жарияланғаннан кейін ұлттық құраманың лидері Зайнутдинов клубтар арасындағы ойында ауыр жарақат алды. Зайнутдиновтің мұрын мұрын және бет сүйегі сынған.Оған операцияжасалды. Қашан қатарға қосылатын белгісіз.
Жаңалықтар
0