https://sputnik.kz/20231113/eaeo-da-onerkasip-ondirisi-35-ke-osti-40120909.html
ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 3,5%-ке өсті
ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 3,5%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 қараша – Sputnik. 2023 жылдың қаңтар – қыркүйегінде Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіп өндірісі көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен... 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T13:32+0500
2023-11-13T13:32+0500
2023-11-13T13:32+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_effea03328dc942a5dae2f31f693b79d.jpg
АЛМАТЫ, 13 қараша – Sputnik. 2023 жылдың қаңтар – қыркүйегінде Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіп өндірісі көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,5%-ке өсті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті хабарлады.Статистикалық жинақта өнеркәсіп өндірісі Беларусьте – 8,1%, Қазақстанда – 4,4%, Ресейде – 3,3%, Қырғызстанда-0,7%-ке өсті, ал Арменияда-0,6%-ке төмендеген.Бұған дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды іске асыру кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекіткені хабарланған болатын. Құжат іріктеу тәртібі мен өлшемдерін қарастырады.Ережеге сәйкес, банктер кооперациялық жобаларды іске асыруға беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жолымен қаржыландырылады.Хабарламада ЕАЭО кәсіпорындары үшін мұндай тетік "жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына" айналады.Жобаларды таңдау критерийлері бойынша бірнеше негізгі шарт орындалу керек. Олардың бірі – үш немесе одан да көп мүше мемлекеттер кәсіпорындарының қатысуы.Сонымен қатар жоба жаңа кәсіпорын құру немесе оны жаңғырту, қосылған құн тізбегін қалыптастыру, экспорт пен сауда немесе инвестиция көлемін ұлғайту сияқты маңызды нәтижеге бағытталуы керек. Ал кәсіпкерлер оны бес жыл мерзімде іске асыруға тиіс.Субсидияның ең жоғары сомасы жыл ішінде бір жобаға шамамен 2 млрд теңгені құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_e7eb423efed79f088cc53a6bec7028ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АЛМАТЫ, 13 қараша – Sputnik. 2023 жылдың қаңтар – қыркүйегінде Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіп өндірісі көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,5%-ке өсті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті хабарлады.
Статистикалық жинақта өнеркәсіп өндірісі Беларусьте – 8,1%, Қазақстанда – 4,4%, Ресейде – 3,3%, Қырғызстанда-0,7%-ке өсті, ал Арменияда-0,6%-ке төмендеген.
Бұған дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды іске асыру кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекіткені хабарланған болатын. Құжат іріктеу тәртібі мен өлшемдерін қарастырады.
Ережеге сәйкес, банктер кооперациялық жобаларды іске асыруға беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жолымен қаржыландырылады.
Хабарламада ЕАЭО кәсіпорындары үшін мұндай тетік "жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына" айналады.
Жобаларды таңдау критерийлері бойынша бірнеше негізгі шарт орындалу керек. Олардың бірі – үш немесе одан да көп мүше мемлекеттер кәсіпорындарының қатысуы.
Сонымен қатар жоба жаңа кәсіпорын құру немесе оны жаңғырту, қосылған құн тізбегін қалыптастыру, экспорт пен сауда немесе инвестиция көлемін ұлғайту сияқты маңызды нәтижеге бағытталуы керек. Ал кәсіпкерлер оны бес жыл мерзімде іске асыруға тиіс.
Субсидияның ең жоғары сомасы жыл ішінде бір жобаға шамамен 2 млрд теңгені құрайды.