https://sputnik.kz/20231113/ayelin-urgan-er-adamnyn-uyinen-eki-tapansha-men-alty-pyshaq-tarkilendi-40121918.html
Әйелін ұрған ер адамның үйінен екі тапанша мен алты пышақ тәркіленді
Әйелін ұрған ер адамның үйінен екі тапанша мен алты пышақ тәркіленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Екібастұз қаласында күйеуінен қорлық көрген әйел полицияға үйде қару-жарақ бар екенін хабарлаған. Қазіргі кезде адамды ұру бойынша... 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T12:47+0500
2023-11-13T12:47+0500
2023-11-13T12:47+0500
тапанша
отбасылық жанжал
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/500/39/5003991_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_971acf6724ed37d81514d64e9a1cd33f.jpg.webp
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Екібастұз қаласында күйеуінен қорлық көрген әйел полицияға үйде қару-жарақ бар екенін хабарлаған. Қазіргі кезде адамды ұру бойынша әкімшілік іс, ал қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Полицияға хабарласқан әйел 1 және 7 қарашада күйеуінің дене жарақатын салғанын айтып, оған қарсы шара қолдануды сұрады. Сосын ер адамның пәтерде атыс қаруын сақтайтынын да ескерткен.Екібастұз қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тінту кезінде ер адамнан үш патроны бар "Stalker М908" маркалы тапаншаны тәркіледі. Одан бөлек пәтерден алты пышақ пен белгісіз маркалы тағы бір тапанша табылды.Полицейлер әкімшілік іс қозғап, 30 тәулікке қорғау нұсқамасын жазды.Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде шешім қабылданады.
https://sputnik.kz/20231017/ayel-balasyn-sabaytyndar-sot-sheshimimen-uyinen-quyluy-mumkin--iim-39428261.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/500/39/5003991_103:0:1810:1280_1920x0_80_0_0_0a8b558d2de93c8ecb67d73662fabc06.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тапанша, отбасылық жанжал, зорлық-зомбылық
тапанша, отбасылық жанжал, зорлық-зомбылық
Әйелін ұрған ер адамның үйінен екі тапанша мен алты пышақ тәркіленді
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Екібастұз қаласында күйеуінен қорлық көрген әйел полицияға үйде қару-жарақ бар екенін хабарлаған. Қазіргі кезде адамды ұру бойынша әкімшілік іс, ал қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полицияға хабарласқан әйел 1 және 7 қарашада күйеуінің дене жарақатын салғанын айтып, оған қарсы шара қолдануды сұрады. Сосын ер адамның пәтерде атыс қаруын сақтайтынын да ескерткен.
Екібастұз қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тінту кезінде ер адамнан үш патроны бар "Stalker М908" маркалы тапаншаны тәркіледі. Одан бөлек пәтерден алты пышақ пен белгісіз маркалы тағы бір тапанша табылды.
Полицейлер әкімшілік іс қозғап, 30 тәулікке қорғау нұсқамасын жазды.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде шешім қабылданады.