https://sputnik.kz/20231113/almatyda-sheteldik-turister-sany-73-ke-osti-40075008.html
Алматыда шетелдік туристер саны 73%-ке өсті
Алматыда шетелдік туристер саны 73%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны жарты миллион адамға дейін жетеді деп болжанып отыр 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T07:00+0500
2023-11-13T07:00+0500
2023-11-13T07:00+0500
туристер
алматы
https://sputnik.kz/img/226/65/2266509_0:301:5616:3460_1920x0_80_0_0_d99ef7bdffe5932c4b6ecfa4007cb366.jpg
АЛМАТЫ, 13 қараша - Sputnik. Алматыда биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73%-ға өсіп, 261 мың адамнан асты. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.Алматыға шетелден ғана емес, еліміздің өзге өңірінен де келетіндер көп. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі туристер саны 710 мың адамға жетіп, 14%-ға ұлғайды. Туристердің жалпы саны 972 157 адам, бұл 25,5%-ға өсті. Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны жарты миллион адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.Жайлы демалысқа жағдай жасау үшін танымал маршруттарда кемпинг аймақтар құрылады.Биыл 3 кемпинг аймақ (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) жасау жұмыстары аяқталды. Шатырлы орындар, төбесі жабық беседкалар, үстел-орындық, ұлттық стилде "Алтыбақан" әткеншектері орнатылды.Сонымен қатар Кіші, Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Маршрут бойында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі-түсті нұсқаушы белгілер, беседкалар (әйнектелгендерді қосқанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен қоршаулар орнатылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/65/2266509_624:0:5616:3744_1920x0_80_0_0_ad7d28fd4c7cd3e25f36023afc88fa3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, алматы
Алматыда шетелдік туристер саны 73%-ке өсті
Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны жарты миллион адамға дейін жетеді деп болжанып отыр
АЛМАТЫ, 13 қараша - Sputnik. Алматыда биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73%-ға өсіп, 261 мың адамнан асты. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады
Almaty.tv. Алматыға шетелден ғана емес, еліміздің өзге өңірінен де келетіндер көп. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі туристер саны 710 мың адамға жетіп, 14%-ға ұлғайды. Туристердің жалпы саны 972 157 адам, бұл 25,5%-ға өсті. Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны жарты миллион адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.
Жайлы демалысқа жағдай жасау үшін танымал маршруттарда кемпинг аймақтар құрылады.
Биыл 3 кемпинг аймақ (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) жасау жұмыстары аяқталды. Шатырлы орындар, төбесі жабық беседкалар, үстел-орындық, ұлттық стилде "Алтыбақан" әткеншектері орнатылды.
Сонымен қатар Кіші, Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Маршрут бойында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі-түсті нұсқаушы белгілер, беседкалар (әйнектелгендерді қосқанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен қоршаулар орнатылған.