Абай облысында ауыл әкімі бюджет қаражатын талан-таражға салған

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
Ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5,4 млн теңге айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 13 қараша – Sputnik. Абай облысы Бородулиха ауданында ауылдық округ әкімі бюджет қаражатын талан-таражға салған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Заң бұзушылықты аудандық прокуратура анықтады.
"Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды 37 мәрте заңсыз жасасқаны анықталды. Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5,4 млн теңге айыппұл салынды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алу жасаған.
"Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн теңге төлеген. Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасқан", - дейді прокурорлар.
Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Жаңалықтар
0