Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 42 дронды атып түсірді
© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуБоевая работа реактивной артиллерийской батареи ЦВО на Краснолиманском направлении
© Sputnik / Станислав Красильников
/ Жазылу
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Соңғы тәулікте ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 42 украиналық ұшқышсыз ұшатын ұшақты атып түсіріп, екі HIMARS дүркіндетіп ату реактивті жүйесінің снарядын жойды, деп хабарлады жексенбіде Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері екі HIMARS дүркіндетіп ату реактивті жүйесінің снарядын жойды.Сонымен қатар Харьков облысындағы Ольшана, Ягодное, Лиман бірінші елді мекендері, Луганск Халық Республикасының Белогоровка, Донецк Халық Республикасындағы Пески, Андреевка, Запорожье облысындағы Новофедоровка және Херсон облысындағы Песчановк елді мекендері аудандарында 42 ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараты атып түсірілді", - делінген хабарламада.