Спорт

Қазақстандық спортшы тұңғыш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы атанды

© пресс-служба акима Павлодарской областиСлева направо: Заирбек Абылкадыров, Асаин Байханов, Сарсен Жетибаев
Слева направо: Заирбек Абылкадыров, Асаин Байханов,  Сарсен Жетибаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2023
Жазылу
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарына 80 елден 3000-нан астам спортшы қатысты
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Павлодарлық Сәрсен Жетібаев грэпплингтен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы атағын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы ондай жетістікке алғаш рет жетіп отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарына 80 елден 3000-нан астам спортшы қатысты. Ал Қазақстанның намысын 53 спортшы қорғады. Олар спорттың 9 түрінен сынға түсті.
Павлодарлық Сәрсен Жетібаев грэпплингтен жарысқа қатысып, 71 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Ширек финалда жерлесіміз венгриялық спортшыны жеңді, жартылай финалда украиналықтан басым түсті. Ал финалда өзбек спортшысын қапы қалдырды. Жетібаев – Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақстандық спортшы.
Павлодар әкімдігі Сәрсен Жетібаевқа 500 мың теңгеге ақшалай сертификат табыстады. Ал чемпионды дайындаған жаттықтырушы – Зайырбек Әбілқадыровқа 300 мың теңгенің сертификаты берілді.
Жаңалықтар
0