Қазақстан-Ресей шекарасында электронды кезек іске қосылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуГраница между Кыргызстаном и Казахстаном
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2023
Жазылу
1 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы "Бидайық" автомобильөткізу пунктінде "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесін қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Ресей шекарасында іске қосылған электронды кезекті жүргізу барысы туралы есепті жариялады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
1 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесін қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Оның көмегімен кезекті алдын ала ақысыз брондауға мүмкіндік бар.
"Электрондық кезекті қолдану шекарадан өтудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жүк автокөліктердің кептелісте тұрып қалуына жол бермейді. Сонымен қатар, "CarGoRuqsat" мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік берді", - дейді мамандар.
Электронды кезекті брондау кезінде сақтандыру полисі, тасымалдауға рұқсаттар, ақылы жолдар бойынша берешектер және тағы басқа ақпарат автоматты түрде түседі. Барлық құжаты бар тасымалдаушылар шекарадан 10-15 минутта өте алады.
Пилоттық жоба басталғалы бері 10 күннің ішінде 123 жүк автокөлігі электронды кезекке тұрды. Олардың ішінде 79 автокөлік Ресей Федерациясына өтті, қалғаны әлі жолда келе жатыр.
Қазіргі кезде "Бидайық" өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейді, жүк автокөліктерінің кептелісте жиналып қалуы байқалмайды.
Жаңалықтар
0