https://sputnik.kz/20231112/akesinin-koligin-aydap-ketken-zhigit-zhasospirim-qyzdy-qagyp-ketti--tergeu-bastaldy-40109089.html
Әкесінің көлігін айдап кеткен жігіт жасөспірім қызды қағып кетті – тергеу басталды
Әкесінің көлігін айдап кеткен жігіт жасөспірім қызды қағып кетті – тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккен қыз бес күннен бері комада жатыр 12.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-12T19:41+0500
2023-11-12T19:41+0500
2023-11-12T19:41+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e7/07/08/36622428_0:0:3283:1847_1920x0_80_0_0_c3eac2289c75ae9c967663cab8654967.jpg
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Абай облысында әкесінің көлігін мініп кеткен жігіт 15 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған балаға ота жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 4 қараша күні Бесқарағай ауданында болған. "Семей-Долонь-Қоянбай" тас жолына шыққан 18 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың бойымен келе жатқан қызды қағып кетті. Оны шұғыл ауруханаға жеткізген.Қазіргі кезде облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алды.Әлеуметтік желіде зардап шеккен қыздың анасы оқиғаның мән-жайын жариялады. Оның айтуынша, сол күні екі қызын әжесінің үйіне жіберген. Ал кешке қарай үлкен қызын көлік қағып кеткенін естіген."18 жастағы бала қызыңызды қағып кетті деді. Әкесінің көлігін айдап кеткен. Кешкі сағат жетіде қараңғы болған. Салонда төрт бала болған. Менің қызым жолдың жиегімен келе жатқан. Ал соққы кезінде көліктің үстімен ұшып өткен", - дейді ол.Зардап шеккен қыз бес күннен бері комада жатыр. Оған екі ота жасалды. Ал рөлді тізгіндеген жігіт үйінде отыр.Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 АЕК-ке (6 900 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/08/36622428_449:0:3180:2048_1920x0_80_0_0_b8250ce56201266ae82e2f5d47e2dd02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Әкесінің көлігін айдап кеткен жігіт жасөспірім қызды қағып кетті – тергеу басталды
Зардап шеккен қыз бес күннен бері комада жатыр
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Абай облысында әкесінің көлігін мініп кеткен жігіт 15 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған балаға ота жасалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 4 қараша күні Бесқарағай ауданында болған. "Семей-Долонь-Қоянбай" тас жолына шыққан 18 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың бойымен келе жатқан қызды қағып кетті. Оны шұғыл ауруханаға жеткізген.
"Сол күні Бесқарағай аудандық полиция бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алды.
Әлеуметтік желіде зардап шеккен қыздың анасы оқиғаның мән-жайын
жариялады. Оның айтуынша, сол күні екі қызын әжесінің үйіне жіберген. Ал кешке қарай үлкен қызын көлік қағып кеткенін естіген.
"18 жастағы бала қызыңызды қағып кетті деді. Әкесінің көлігін айдап кеткен. Кешкі сағат жетіде қараңғы болған. Салонда төрт бала болған. Менің қызым жолдың жиегімен келе жатқан. Ал соққы кезінде көліктің үстімен ұшып өткен", - дейді ол.
Зардап шеккен қыз бес күннен бері комада жатыр. Оған екі ота жасалды. Ал рөлді тізгіндеген жігіт үйінде отыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 АЕК-ке (6 900 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.