https://sputnik.kz/20231111/tazy-men-tobetti-saqtau-elordada-khalyqaralyq-itter-kormesi-otedi-40102453.html
Тазы мен төбетті сақтау: елордада халықаралық иттер көрмесі өтеді
Тазы мен төбетті сақтау: елордада халықаралық иттер көрмесі өтеді
Sputnik Қазақстан
Осы шараға Астанаға Халықаралық кинология федерациясының (FCI) басшылығы келмек 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T18:22+0500
2023-11-11T18:22+0500
2023-11-11T18:22+0500
қоғам
қазақтың тазысы
ит
https://sputnik.kz/img/07e7/03/15/33179582_104:0:1265:653_1920x0_80_0_0_86bbcd7100a4da9c078b5e8d5657bd53.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. 2024 жылы көктемде Астанада Халықаралық иттер көрмесін, соның аясында тазылардың жеке көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан президенті іс басқармасы хабарлады.Былтыр мемлекет басшысы президент іс басқармасына тазы мен төбетті қорғау мәселесін қолға алуды тапсырған болатын.Ол тазы мен төбеттің стандарттарын жасау да өте өзекті екенін атап өтті. Бұл таза қанды қазақы ит тұқымдарын анықтауға, олардың статистикасын жүргізуге негіз болады. Тазыға қатысты кинологтар мен итбегілер, ғалымдар ортақ шешімге келді, ал төбеттің стандартына қатысты талқылаулар жалғасып жатыр."Биыл Генетика және физиология институты тазының генофондын анықтауға арналған зерттеуді аяқтады. Төбетке қатысты осындай жұмыс келесі жылы басталады. Байқап отырғандарыңыздай, кешенді жұмысқа бірқатар мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдар атсалысып жатыр", - деді Дәдебаев.Ол ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен қорғау бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
https://sputnik.kz/20221130/tazy-men-tobet-tuqymyn-saqtau-ushin-ulttyq-ortalyq-qurylady-29860948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/15/33179582_204:0:1075:653_1920x0_80_0_0_e0ccea2701e904220ba75234be2e54e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақтың тазысы, ит
Тазы мен төбетті сақтау: елордада халықаралық иттер көрмесі өтеді
Осы шараға Астанаға Халықаралық кинология федерациясының (FCI) басшылығы келмек
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. 2024 жылы көктемде Астанада Халықаралық иттер көрмесін, соның аясында тазылардың жеке көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан президенті іс басқармасы хабарлады.
Былтыр мемлекет басшысы президент іс басқармасына тазы мен төбетті қорғау мәселесін қолға алуды тапсырған болатын.
"2024 жылғы мамыр айында елордада Халықаралық иттер көрмесін, соның аясында тазылардың жеке көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Оған FCI басшылығы келіп, еліміздің кинология саласындағы, оның ішінде қазақы ит тұқымдарын сақтауға бағытталған жұмыспен танысады", - деді ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев.
Ол тазы мен төбеттің стандарттарын жасау да өте өзекті екенін атап өтті. Бұл таза қанды қазақы ит тұқымдарын анықтауға, олардың статистикасын жүргізуге негіз болады. Тазыға қатысты кинологтар мен итбегілер, ғалымдар ортақ шешімге келді, ал төбеттің стандартына қатысты талқылаулар жалғасып жатыр.
"Биыл Генетика және физиология институты тазының генофондын анықтауға арналған зерттеуді аяқтады. Төбетке қатысты осындай жұмыс келесі жылы басталады. Байқап отырғандарыңыздай, кешенді жұмысқа бірқатар мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдар атсалысып жатыр", - деді Дәдебаев.
Ол ұлттық ит тұқымдарын сақтау мен қорғау бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.