Жамбыл облысында балалар спортына бөлінген ақшаны жымқырған 7 адам сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Жазылу
Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аударып отырған
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 адам сотталды, деп хабарлады облыстың прокуратурасы.
Меркі ауданы №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа да адамдардың көмегімен аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқырған. Олардың қылмысы жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын тексерген кезде әшкере болды.

"Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аударып отырған. Яғни, 2020 жылдың 29 ақпанында №16 Спорт мектебі макеттер жасау және металл құрылғыларын дайындау үшін жалпы құны 2 млн теңгеден асатын соманы жеткізушіге төлеген. Ал іс жүзінде жұмыс мүлдем орындалмаған", - дейді ведомство мамандары.

Салдарынан мемлекетке 16 млн теңге залал келтірілген. Тергеу нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"3 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бұрынғы директоры, бас есепші 3,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар енді мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқара алмайды. Ал қылмысқа көмектескен 4 сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, оларға 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару саласында қызмет атқаруға тыйым салынды", - дейді прокуратруа.
Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге шығын өтелді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жаңалықтар
0