https://sputnik.kz/20231110/toqaevqa-kolik-logistika-salasyn-damytu-zhumystary-turaly-bayandaldy-40087674.html
Тоқаевқа көлік-логистика саласын дамыту жұмыстары туралы баяндалды
Тоқаевқа көлік-логистика саласын дамыту жұмыстары туралы баяндалды
Sputnik Қазақстан
Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T16:59+0500
2023-11-10T16:59+0500
2023-11-10T17:03+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0a/40087330_18:0:3659:2048_1920x0_80_0_0_b30193566d54ac50c9b0096d7b441ad7.jpg
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сондай-ақ құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сондай-ақ, отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен басқа да кедергілерді жойып, көлік-логистика қызметінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет.Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0a/40087330_473:0:3204:2048_1920x0_80_0_0_7fb08170583d935229ec0d05ab807181.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаевқа көлік-логистика саласын дамыту жұмыстары туралы баяндалды
16:59 10.11.2023 (жаңартылды: 17:03 10.11.2023) Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сондай-ақ құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сондай-ақ, отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен басқа да кедергілерді жойып, көлік-логистика қызметінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет.
Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді.