https://sputnik.kz/20231110/qorap-dep-qabyldagan-ontustik-koreyada-robot-zauyt-qyzmetkerin-oltirdi-40071104.html
Қорап деп қабылдаған: Оңтүстік Кореяда робот зауыт қызметкерін өлтірді
Қорап деп қабылдаған: Оңтүстік Кореяда робот зауыт қызметкерін өлтірді
Sputnik Қазақстан
40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T07:55+0500
2023-11-10T07:55+0500
2023-11-10T07:55+0500
оңтүстік корея
https://sputnik.kz/img/1413/02/14130265_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_f6b273d08a4a69fee3f5ec3734bda08d.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Оңтүстік Кореяда өнеркәсіптік робот зауыт қызметкерін кбұрыш салынған қорап деп қабылдап, оны өлтіріп қойды. Бұл туралы оңтүстіккореялық Yonhap агенттігі хабарлады.Қайғылы оқиға 8 қарашада Кенсан-Намдо провинциясындағы бұрыш сұрыптау зауытында болды. Компания қызметкері роботтың жанына оның датчигін тексеруге барған. Робот бұрыш салынған қораптарды көтеріп, оларды түпқоймаға (поддон) қою қызметін атқарған.Агенттіктің хабарлауынша, датчик қызметкерді қорап ретінде көріп, оны ұстап, денесін конвейер лентасына басып, беті мен кеудесін жаншып тастаған. 40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды.Зауыт өкілі компания роботты бес жылдан бері пайдаланып келе жатқанын хабарлады. Жұмыс күшінің тапшылығы кезінде робот шаруаларға үлкен көмек болған. Ол екі метр биіктікке дейін бұрыш қораптарын жинай алады екен.
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1413/02/14130265_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_ad4f4b2dd33f6dbb348370ed9a4723e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея
Қорап деп қабылдаған: Оңтүстік Кореяда робот зауыт қызметкерін өлтірді
40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Оңтүстік Кореяда өнеркәсіптік робот зауыт қызметкерін кбұрыш салынған қорап деп қабылдап, оны өлтіріп қойды. Бұл туралы оңтүстіккореялық
Yonhap агенттігі хабарлады.
Қайғылы оқиға 8 қарашада Кенсан-Намдо провинциясындағы бұрыш сұрыптау зауытында болды. Компания қызметкері роботтың жанына оның датчигін тексеруге барған. Робот бұрыш салынған қораптарды көтеріп, оларды түпқоймаға (поддон) қою қызметін атқарған.
Агенттіктің хабарлауынша, датчик қызметкерді қорап ретінде көріп, оны ұстап, денесін конвейер лентасына басып, беті мен кеудесін жаншып тастаған. 40 жастағы жәбірленуші тез арада ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адам алған жарақатынан көз жұмды.
Зауыт өкілі компания роботты бес жылдан бері пайдаланып келе жатқанын хабарлады. Жұмыс күшінің тапшылығы кезінде робот шаруаларға үлкен көмек болған. Ол екі метр биіктікке дейін бұрыш қораптарын жинай алады екен.