https://sputnik.kz/20231110/qazaqstanda-eki-zhyl-ishinde-qazmunaygazdyn-atyn-zhamylgan-100-ge-zhuyq-sayt-bugattaldy-40086714.html
Қазақстанда екі жыл ішінде "ҚазМұнайГаздың" атын жамылған 100-ге жуық сайт бұғатталды
Қазақстанда екі жыл ішінде "ҚазМұнайГаздың" атын жамылған 100-ге жуық сайт бұғатталды
Sputnik Қазақстан
Жалған сайттар шотқа қажетті инвестиция сомасын құюды сұрайды 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T20:38+0500
2023-11-10T20:38+0500
2023-11-10T20:38+0500
қазмұнайгаз
жалған ақпарат
сайттар
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Интернетте "ҚазМұнайГазға" инвестиция салып, жоғары табысқа кенел" деген желеумен оңай жолмен ақша табуға шақыратын алаяқ сайттар пайда болған, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.Жақында kmzg.space сайты анықталды. Онда желі қолданушыларынан байланыс орнату үшін арнайы кестені толтыруды сұрайды, осы арқылы олар электронды поштасы, аты-жөні және ұялы телефон нөмірін анықтайды.Жоғары табысты уәде еткен алаяқтар келесі әрекеттерді орындауды сұрайды:Жалған сайт жасаушылар ҚазМұнайГаздың бұрынырақ жариялаған ресми бейнероликтерін қолданып, түпнұсқадағы аудионы өз мәтіндерімен ауыстырады. Осылайша сайтты ашқан қолданушы бірден кәсіби диктор дыбыстаған, компания аталған, жоғары табысты уәде еткен жалған бейнероликке тап болады.Компанияның хабарлауынша, алаяқтар іздеу жүйелерінде, сондай-ақ YouTube, Facebook-те жаппай жарнама таратады. Оны басқан қолданушы әлеуметтік желілерде жалған аккаунтарға, одан әрі жалған сайтқа немесе оның басқа доменмен тіркелген көшірмесіне өтеді.ҚазМұнайГаз бір ғана ресми сайты бар екенін мәлімдейді, ол — kmg.kz. Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек ресми сайтта, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, жалған ақпарат, сайттар
қазмұнайгаз, жалған ақпарат, сайттар
Қазақстанда екі жыл ішінде "ҚазМұнайГаздың" атын жамылған 100-ге жуық сайт бұғатталды
Жалған сайттар шотқа қажетті инвестиция сомасын құюды сұрайды
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Интернетте "ҚазМұнайГазға" инвестиция салып, жоғары табысқа кенел" деген желеумен оңай жолмен ақша табуға шақыратын алаяқ сайттар пайда болған, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жақында kmzg.space сайты анықталды. Онда желі қолданушыларынан байланыс орнату үшін арнайы кестені толтыруды сұрайды, осы арқылы олар электронды поштасы, аты-жөні және ұялы телефон нөмірін анықтайды.
Жоғары табысты уәде еткен алаяқтар келесі әрекеттерді орындауды сұрайды:
2.
"ҚазМұнайГаз қаржы сарапшысынан" қоңырау күтуді және тіркеуді растауды,
3.
сол күні кешке дейін шотқа қажетті инвестиция сомасын құюды.
Жалған сайт жасаушылар ҚазМұнайГаздың бұрынырақ жариялаған ресми бейнероликтерін қолданып, түпнұсқадағы аудионы өз мәтіндерімен ауыстырады. Осылайша сайтты ашқан қолданушы бірден кәсіби диктор дыбыстаған, компания аталған, жоғары табысты уәде еткен жалған бейнероликке тап болады.
Компанияның хабарлауынша, алаяқтар іздеу жүйелерінде, сондай-ақ YouTube, Facebook-те жаппай жарнама таратады. Оны басқан қолданушы әлеуметтік желілерде жалған аккаунтарға, одан әрі жалған сайтқа немесе оның басқа доменмен тіркелген көшірмесіне өтеді.
"ҚазМұнайГаз интернет алаяқтар анықталған бетте бұғаттау үшін құқық қорғау органдарына және уәкілетті органға жүгінеді. 2022 жылдан бастап ҚазМұнайГаз атын заңсыз пайдаланған 100-ге жуық ресурс бұғатталды"– деп хабарлады компания.
ҚазМұнайГаз бір ғана ресми сайты бар екенін мәлімдейді, ол — kmg.kz. Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек ресми сайтта, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланады.