https://sputnik.kz/20231110/qazaqstanda-400-mynnan-astam-adam-qant-diabetine-shaldyqqan-40071736.html
Қазақстанда 400 мыңнан астам адам қант диабетіне шалдыққан
Қазақстанда 400 мыңнан астам адам қант диабетіне шалдыққан
Sputnik Қазақстан
Жыл сайын науқастардың саны шамамен 20-30 мың адамға көбейіп жатыр 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T08:49+0500
2023-11-10T08:49+0500
2023-11-10T08:49+0500
қант диабеті
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18653315_0:11:1921:1091_1920x0_80_0_0_b0512f6fa1c5f3d69383fa2fe008e392.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. 400 мыңнан аса отандасымыз бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауырады, деп хабарлады Хабар 24.Жыл сайын науқастардың саны шамамен 20-30 мың адамға көбейіп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған Ұлттық конференция барысында айтылды.Сарапшылардың пікірінше, науқастардың саны жылдам өсіп жатыр. Сол үшін дерттің алдын алуға жұмылу керек. Сонымен қатар сусамыр дерті жайлы ақпараттандыруды қолға алып, алдын алу амалдарын жүзеге асыру маңызды. Өйткені науқастардың басым бөлігі ауруға шалдыққанын байқамай қалып жатады дейді дәрігерлер.Қазір Денсаулық сақтау министрлігі студент және жүкті науқастарды дәрімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтап жатыр."Бүгінгі күні жүкті әйелдер мен күндізгі бөлімде оқитын студент науқастардың санын есептеп жатырмыз. Бұл санатта шамамен 400 адам бар. Себебі қант диабетімен ауыратын науқастардың біразы 18 жасқа толмаған. Олардың саны – 6 мың. Оның үстіне бәрі бірдей күндізгі бөлімде оқымайды", - дейді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Гүлнәр Мақсұтова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0f/18653315_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_04baf9c72bd7068dab00e1d90e6cffa7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант диабеті
Қазақстанда 400 мыңнан астам адам қант диабетіне шалдыққан
Жыл сайын науқастардың саны шамамен 20-30 мың адамға көбейіп жатыр
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. 400 мыңнан аса отандасымыз бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауырады, деп хабарлады
Хабар 24. Жыл сайын науқастардың саны шамамен 20-30 мың адамға көбейіп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған Ұлттық конференция барысында айтылды.
Сарапшылардың пікірінше, науқастардың саны жылдам өсіп жатыр. Сол үшін дерттің алдын алуға жұмылу керек. Сонымен қатар сусамыр дерті жайлы ақпараттандыруды қолға алып, алдын алу амалдарын жүзеге асыру маңызды. Өйткені науқастардың басым бөлігі ауруға шалдыққанын байқамай қалып жатады дейді дәрігерлер.
Қазір Денсаулық сақтау министрлігі студент және жүкті науқастарды дәрімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтап жатыр.
"Бүгінгі күні жүкті әйелдер мен күндізгі бөлімде оқитын студент науқастардың санын есептеп жатырмыз. Бұл санатта шамамен 400 адам бар. Себебі қант диабетімен ауыратын науқастардың біразы 18 жасқа толмаған. Олардың саны – 6 мың. Оның үстіне бәрі бірдей күндізгі бөлімде оқымайды", - дейді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Гүлнәр Мақсұтова.