https://sputnik.kz/20231110/prokuratura-14-adamnyn-omirin-qigan-semeydegi-orttin-sebebin-zhariyalady---is-sotqa-zholdandy-40083636.html
Прокуратура 14 адамның өмірін қиған Семейдегі өрттің себебін жариялады - іс сотқа жолданды
Прокуратура 14 адамның өмірін қиған Семейдегі өрттің себебін жариялады - іс сотқа жолданды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық іс сотқа жолданды 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T14:58+0500
2023-11-10T14:58+0500
2023-11-10T15:47+0500
семей
абай облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/570/89/5708963_1:0:1039:584_1920x0_80_0_0_2144880e58967680ecd66b2937e29f4d.jpg
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы" орман өрті биыл 8 маусымда болған. Салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылып, резерваттың Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қайтыс болды."Тергеу кезінде өрттің шығуына құрғақ ағашқа түскен найзағай себеп болғаны белгілі болды. Бұл нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталды", - дейді ведомство.Бас прокуратураның айтуынша, өрт кезінде "Семей орманы" резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген."Семей орманы" резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығы Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша сараланып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр", - дейді бас прокуратура.
https://sputnik.kz/20230623/semeydegi-alapat-ortke-kim-kinali-36286185.html
семей
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/570/89/5708963_130:0:909:584_1920x0_80_0_0_66fd02266b579cc2b409a3484762c4ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, абай облысы, өрт
Прокуратура 14 адамның өмірін қиған Семейдегі өрттің себебін жариялады - іс сотқа жолданды
14:58 10.11.2023 (жаңартылды: 15:47 10.11.2023) Қылмыстық іс сотқа жолданды
АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы" орман өрті биыл 8 маусымда болған. Салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылып, резерваттың Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қайтыс болды.
"Тергеу кезінде өрттің шығуына құрғақ ағашқа түскен найзағай себеп болғаны белгілі болды. Бұл нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталды", - дейді ведомство.
Бас прокуратураның айтуынша, өрт кезінде "Семей орманы" резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген.
"Семей орманы" резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығы Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша сараланып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр", - дейді бас прокуратура.