ЕЭК жұмысын бәсекелестік жөніндегі кеңестің сарапшылары бағалайды – Сұлтанов

© Sputnik/Ертай Сарбасов Бақыт Сұлтанов
 Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Жазылу
Кеңес құрамына бәсекелестік саласындағы тәуелсіз сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері және ЕАЭО елдерінен келген тәжірибелі заңгерлер кіреді
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі сараптамалық кеңес құрылады, деп хабарлады ЕЭК.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары "5+1" форматындағы кеңесте ЕЭК-тің монополияға қарсы реттеу бойынша бәсекелестік жөніндегі сараптамалық кеңесін құру туралы бастаманы қолдады", - делінген комиссия хабарламасында.
Министр Бақыт Сұлтанов бастаманы Еревандағы ТМД мемлекеттерінің монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің отырысында көтерді.
"ЕЭК бәсекелестік жөніндегі блогы мемлекеттік органдармен, ЕАЭО бизнес-қоғамдастығымен өзара тығыз іс-қимыл жасайды. Алайда неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін бәсекелестік саласында маманданған тәуелсіз сарапшылар тарапынан комиссияның қызметі мен бастамаларына баға алу қажет", – деді Бақыт Сұлтанов.
Монополияға қарсы ведомстволардың өкілдері үшінші елдер субъектілерінің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік ережесін бұзу жағдайларын болдырмау үшін Еуразиялық комиссияның өкілеттігін кеңейту мәселелерін талқылады, деп толықтырды комиссия.
"5+1" форматындағы кеңестер жылына бірнеше рет Одақ елдерінде өтеді және олар ЕАЭО-ның бәсекелестік саясатының негіздері "пайда болатын" алаңға айналды. Мұнда ұлттық және ұлттықтан жоғары құқық пен құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелерін талқылап қана қоймай, бәсекелестікті қамтамасыз етудің жаңа жолдарын анықтаймыз", – деді Бақыт Сұлтанов.
Жаңалықтар
0