https://sputnik.kz/20231109/zhayly-mektep-qurylys-materialdary-otandyq-kasipkerlerden-satyp-alynady-40023964.html
Жайлы мектеп: құрылыс материалдары отандық кәсіпкерлерден сатып алынады
Жайлы мектеп: құрылыс материалдары отандық кәсіпкерлерден сатып алынады
Sputnik Қазақстан
Әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылай алады 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T08:11+0500
2023-11-09T08:11+0500
2023-11-09T08:11+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/09/06/18053137_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_de28e7ee6d07853a376f5fb8d1580563.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Ведомствоның мәліметінше, үкімет "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізген.Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық өндірістің тауарлары болмақ.Айта кетері, Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салынып жатқан мектептерді жабдықтау үшін жиһаздар мен құрал-жабдықтарға қажетті барлық техникалық шарттарды анықтаған. Үкімет қабылдаған өзгерістерді сапалы іске асыру үшін елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.Бұдан бөлек, қоғамдық мониторинг жүргізу үшін ақпараттық жүйе әзірленуде. Осылайша, әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта қазір әрбір объектіде бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.Еске сала кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешеді.Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,4 трлн теңге қарастырылған. 2023 жылы 461 мың орындық 217 мектеп құрылысын бастап, оларды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы 279 мың орындық 152 мектеп құрылысын бастап, оларды 2025 жылы ашу жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/06/18053137_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_d87d3b70aae6a136c6028308a7828fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
Жайлы мектеп: құрылыс материалдары отандық кәсіпкерлерден сатып алынады
Әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылай алады
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына отандық жиһаз бен әрлеу материалдары сатып алынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, үкімет "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізген.
Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық өндірістің тауарлары болмақ.
"Кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткізуді жоспарлауға және тиімді шарттармен жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беретін алдын ала келісімшарттарды қолдану қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салынып жатқан мектептерді жабдықтау үшін жиһаздар мен құрал-жабдықтарға қажетті барлық техникалық шарттарды анықтаған. Үкімет қабылдаған өзгерістерді сапалы іске асыру үшін елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.
Бұдан бөлек, қоғамдық мониторинг жүргізу үшін ақпараттық жүйе әзірленуде. Осылайша, әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта қазір әрбір объектіде бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Еске сала кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешеді.
Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,4 трлн теңге қарастырылған. 2023 жылы 461 мың орындық 217 мектеп құрылысын бастап, оларды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы 279 мың орындық 152 мектеп құрылысын бастап, оларды 2025 жылы ашу жоспарланып отыр.