Тоқаев Путинді су ресурстарын тиімді пайдалануға шақырды

© Sputnik / Медиабанкке өтуСтакан воды. Архивное фото
Стакан воды. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Президент Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатқанын атап өтті
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен стратегиялық серіктестік су ресурстарын бірлесе тиімді пайдалануға кепіл болатынынына сенімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаевтың айтуынша, келешекте күшейе түсетін су ресурстарының тапшылығы Қазақстан үшін өзекті проблеманың бірі саналады. Отандық экономиканың негізгі салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында судың көп мөлшерде пайдаланылуы жағдайды одан сайын күрделендіре түсті.
Президент Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатқанын атап өтті. Бұл құжат су ресурстарының тапшылығын азайтуға бағытталған.
"Ресеймен бірге Жайық, Ертіс секілді ірі өзендердің бассейіндерінде зерттеу жүргізу жөніндегі ынтымақтастықты жандандыру үшін Бірыңғай жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Мұндай күрделі проблеманы шешуге бір ғана елдің күш-жігері жетпейді. Бұл мәселені мүдделер теңгерімін сақтап, бірлесе әрекет ету арқылы шешу қажет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің Ресеймен стратегиялық серіктестік қарым-қатынасымыз екі ел халықтарының мүддесі жолында су ресурстарын бірлесе тиімді пайдалануға қатысты теңгерімді тәсілдің кепілі болатынына сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында.
Оның айтуынша, еліміз су секторын жаңғыртуға кірісті.
"Жаңадан 20 су қоймасын салып, кем дегенде 15 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 3500 шақырымнан астам каналды жаңғырту және цифрландыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2027 жылға қарай қосымша 2 текше километрге жуық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Президенттер Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.
Подписание документа - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Қазақстан мен Ресей 100 млн доллардың келісімшарттарына қол қояды
Жаңалықтар
0