https://sputnik.kz/20231109/resey-qazaqstanda-ush-zhylu-elektr-ortalygyn-salady--quzhatqa-qol-qoyyldy-40059669.html
Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салады - құжатқа қол қойылды
Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салады - құжатқа қол қойылды
Sputnik Қазақстан
Көрші ел Өскемен, Семей, Көкшетау қалаларындағы жылу электр орталықтарының құрылысымен айналысады 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T16:54+0500
2023-11-09T16:54+0500
2023-11-09T17:46+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
жылу электр орталығы
құжат
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39691382_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_065aa079e2522963e16d2b00cd8ffd2c.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары барысында екі ел арасында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа 10 жыл толуына орай Қазақстан президенті мен Ресей президентінің бірлескен мәлімдемесіне және Қазақстан мен Ресейдің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қояды.Сондай-ақ Қазақстан энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев және Ресейдің энергетика министрі Николай Шульгинов Қазақстан Республикасында Көкшетау, Семей, Өскемен жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Бұдан бөлек, Қазақстанның туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Ресей спорт министрі Олег Матыцин Қазақстан мен Ресей арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.Қазақстан мен Ресей кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей федералды кеден қызметінің 2024-2025 жылдарға арналған өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспарына қол қойылды.Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мен Ресейдің федералды еңбек және жұмыспен қамту қызметі арасында еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.Сонымен қатар Қазақстан президенті телерадио кешені мен "Информационное телеграфное агенство России" федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасында ақпараттық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Президенттер Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты. Содан кейін Ақордада шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
https://sputnik.kz/20231109/qazaqstan-men-resey-100-mln-dollardyn-kelisimsharttaryna-qol-qoyady---putin-40044020.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1b/39691382_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_8ac4854b669cb4b06f0ba58fce0374ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, жылу электр орталығы, құжат
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, жылу электр орталығы, құжат
Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салады - құжатқа қол қойылды
16:54 09.11.2023 (жаңартылды: 17:46 09.11.2023) Көрші ел Өскемен, Семей, Көкшетау қалаларындағы жылу электр орталықтарының құрылысымен айналысады
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары барысында екі ел арасында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа 10 жыл толуына орай Қазақстан президенті мен Ресей президентінің бірлескен мәлімдемесіне және Қазақстан мен Ресейдің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қояды.
Сондай-ақ Қазақстан энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев және Ресейдің энергетика министрі Николай Шульгинов Қазақстан Республикасында Көкшетау, Семей, Өскемен жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұдан бөлек, Қазақстанның туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Ресей спорт министрі Олег Матыцин Қазақстан мен Ресей арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Қазақстан мен Ресей кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей федералды кеден қызметінің 2024-2025 жылдарға арналған өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспарына қол қойылды.
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мен Ресейдің федералды еңбек және жұмыспен қамту қызметі арасында еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді.
Сонымен қатар Қазақстан президенті телерадио кешені мен "Информационное телеграфное агенство России" федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасында ақпараттық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Президенттер Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты. Содан кейін Ақордада шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.