Ресей Қазақстанда үш ЖЭО құрылысына қатысады – Жұманғарин

© PhotoСерик Жумангарин
Серик Жумангарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ үшін логистикалық хаб болуға дайын. ЕАЭО транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасы дайындық сатысында тұр
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде Қазақстандағы үш ЖЭО жобасын іске асыруға Ресейдің қатысатыны туралы құжатқа қол қою жоспарланған, деп мәлімдеді вице-премьер – Қазақстан сауда министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар, Орск – Болашақ теміржолын қайта құру жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы басым кооперациялық жобалар тізіміне енгізілді, деп қосты ол XIX өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында.
Вице-премьердің айтуынша, бұл Қазақстан президентінің көлік-логистикалық артерияларды құру және кооперациялық өзара іс-қимылды дамыту туралы бастамасы негізінде жасалған.
"Тауарлардың одақ елдерінің аумақтары арқылы "үздіксіз" өткізілуін қамтамасыз ету үшін навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалдарды қадағалау енгізіледі. Транзитті қамтамасыз етудің бас сертификатын пайдалану көзделеді, үшінші елдерден импортталатын тауарларды қадағалау жүйесі іске асырылады, дайындықтың жоғары сатысында ЕАЭО транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасы тұр" – деді Жұманғарин.
Еуразиялық көлік дәліздерінің тізбесі айқындалып, ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру жөніндегі цифрлық жоба іске қосылды, деп қосты ол.
Серік Жұманғарин бұл Еуразиялық экономикалық одақты Еуропа мен Азия, жаһандық оңтүстік пен солтүстік арасындағы байланыстырушы буынға айналдыруға мүмкіндік беретінін айтты.
"Осы тұрғыда Қазақстан ЕАЭО-ның қалған елдерімен ынтымақтастықта Еуразиялық экономикалық одақтың логистикалық хабы болуға дайын", - деді премьер-министрдің орынбасары.

ЕАЭО жаңа тәсілмен қаржыландырылатын болады

Келесі жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен іске асырылатын кооперациялық жобаларға қаржылай жәрдемдесудің жаңа тетігі іске қосылады. Серік Жұманғарин жыл сайын ЕАЭО бюджетінен 200 миллион доллар сомасына бірлескен жобаларды қолдау үшін шамамен 20 миллион доллар бөлінетінін атап өтті.
"Қазақстанның географиясын, экономикасын және мүмкіндіктерін ескере отырып, біз Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталықтарының бірі ретінде әрекет етеміз деп күтеміз", – деп атап өтті ол.

"Еуразиялық экономикалық жол" декларациясы туралы

2023 жылғы желтоқсанда ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді ары қарай дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясы ұсынылатын болады.
Серік Жұманғарин бұл интеграцияны алдағы 5 жылға дамытудың стратегиялық негізі екенін түсіндірді.
"Басымдықтар ретінде біз мемлекеттеріміздің, ең алдымен, азық-түлік тауарларымен және ресурстармен қамтамасыз етілуін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, көліктік-логистикалық әлеуетті дамытуға жәрдемдесуді қарастыруға болады. Мұндай міндеттерді іске асыру ЕАЭО-ның экономикалық бағыттағы полюс ретінде халықаралық аренада дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді ол.
Серік Жұманғарин аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі өзара іс-қимылдың мысалдары туралы айтып берді. Ресейлік "Экокультура" компаниясы Түркістан облысында 500 гектар аумақты қамтитын жылыжай кешенін салуда, республика сиыр еті бойынша экспортты және терең өңдеу саласындағы қолдау көлемін ұлғайтты. Сондай-ақ Ресеймен және басқа серіктестермен ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы уағдаласты.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы екіжақты сауда көлемі Қазақстанның жалпы тауар айналымының 19,9%-ін құрады. Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі 17 миллиард долларға жетіп, өткен жылдың сегіз айынан асып түсті.
Аталған салада үздік бес облыстың қатарына Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары кіреді, олардың Ресеймен тауар айналымы 5,7 миллиард доллар болды. Қазақстанның Ресеймен сауда-саттығының үштен бірінен астамы шекаралас аймақтарға тиесілі.
Жаңалықтар
0