https://sputnik.kz/20231109/qyzylordada-zhondelgen-koshelerge-tagy-17-mlrd-tenge-bolingeni-anyqtaldy-40024680.html
Қызылордада жөнделген көшелерге тағы 1,7 млрд теңге бөлінгені анықталды
Қызылордада жөнделген көшелерге тағы 1,7 млрд теңге бөлінгені анықталды
Sputnik Қазақстан
Қызылорда қаласының прокуратурасы 1,7 млрд теңге бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол бермеді 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T09:06+0500
2023-11-09T09:06+0500
2023-11-09T09:06+0500
өңірлер
көше
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36701114_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_9902d3b80228e02bd2fba3962b928cdc.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қызылорда прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде бұған дейін орташа жөндеуден өткен көшелерге тағы қаражат бөлінгені анықталды. Прокурорлар араласқаннан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.Облыстық прокуратураның ақпаратынша, 2020 жылы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жүргізілген."Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы" бұйрыққа сәйкес, автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзім 6-9 жылды құрайды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.
https://sputnik.kz/20231024/elimizde-856-shaqyrym-zhol-paydalanuga-beriledi--kolik-ministri-39609834.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0b/36701114_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_8b160a58c82590dd1c86f2583a3656c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көше, бюджет қаражаты
Қызылордада жөнделген көшелерге тағы 1,7 млрд теңге бөлінгені анықталды
Қызылорда қаласының прокуратурасы 1,7 млрд теңге бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол бермеді
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қызылорда прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде бұған дейін орташа жөндеуден өткен көшелерге тағы қаражат бөлінгені анықталды. Прокурорлар араласқаннан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Облыстық прокуратураның ақпаратынша, 2020 жылы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жүргізілген.
"Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы" бұйрыққа сәйкес, автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзім 6-9 жылды құрайды.
"Осы талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігі биыл Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған. Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды", - дейді прокурорлар.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.