"Қазатомөнеркәсіп" қытайлық CNPC компаниясымен уран жеткізу туралы келісімшарт жасасты

© Photo : официальный сайт "Казатомпрома""Қазатомөнеркәсіп" қызметі
Қазатомөнеркәсіп  қызметі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Жеткізу көлемі құпия. Келісімшарт Шанхайдағы China International Import Export 2023 көрмесінде жасалды
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы қытайлық China National Uranium Company Limited компаниясымен уран жеткізуге келісімшарт жасасты.
"Қазатомөнеркәсіп" АҚ China National Uranium Company Limited – CNUC компаниясымен қазақстандық табиғи уран концентратын жеткізуге келісімшартқа қол қойды", - делінген ұлттық компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жеткізу көлемі құпия.
CNPC-пен келісімшарт Шанхайдағы China International Import Export 2023 көрмесінде жасалды. Биыл мамырда акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бұрын мақұлданған мәміле аясында шешілді.
Қытайдың ірі энергетикалық компаниясымен келісімшартқа отыру Қытайдың таза көміртексіз электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз етуге және екі ел арасындағы атом саласындағы тарихи ұзақ мерзімді қатынастарды нығайтуға ықпал етеді, делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0