Қазақстан ЭЫҰ-ның әрбір еліне 100-ге жуық тауар түрін экспорттауға дайын – Смайылов

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Алихан Смаилов
Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Ташкентте Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммиті өтті
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымының әрбір еліне 100-ге жуық тауар түрін экспорттауға дайын. Бұл туралы елдің премьер-министрі Әлихан Смайылов Ташкенттегі Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 16-шы саммитінде айтты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен тауар айналымы 40%-ға өсіп, 16,5 млрд долларға жетті. Сондай-ақ осы жылдың 8 айында тауар айналымы 3%-ға төмендеді.
"Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін Қазақстан Ұйымның әрбір еліне қосымша орта есеппен 100-ге жуық тауар түрін экспорттауға дайын", — деді Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, жалпы ЭЫҰ елдері шамамен 500 млн халқы бар 8 млн шаршы шақырым аумақты алып жатыр және жалпы ішкі өнімі 2 трлн долларды құрайды.
© PhotoВ рамках рабочего визита в Узбекистан, совершаемого по поручению Главы государства, Премьер-Министр РК Алихан Смаилов принял участие (https://primeminister.kz/ru/news/usilit-integratsiyu-transportno-logisticheskikh-sistem-na-prostranstve-oes-prizval-alikhan-smailov-26204) в 16-м саммите Организации экономического сотрудничества.
В рамках рабочего визита в Узбекистан, совершаемого по поручению Главы государства, Премьер-Министр РК Алихан Смаилов принял участие (https://primeminister.kz/ru/news/usilit-integratsiyu-transportno-logisticheskikh-sistem-na-prostranstve-oes-prizval-alikhan-smailov-26204) в 16-м саммите Организации экономического сотрудничества. - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
В рамках рабочего визита в Узбекистан, совершаемого по поручению Главы государства, Премьер-Министр РК Алихан Смаилов принял участие (https://primeminister.kz/ru/news/usilit-integratsiyu-transportno-logisticheskikh-sistem-na-prostranstve-oes-prizval-alikhan-smailov-26204) в 16-м саммите Организации экономического сотрудничества.
"Бұл халықаралық аренада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының беделін одан әрі арттыру үшін биік мақсаттар қоюға мүмкіндік беретін Ұйымның маңызды экономикалық әлеуетін айғақтай түседі", — деді премьер-министр.
Үкімет басшысы елімізде өңделген және азық-түлік өнімдерін тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін трансшекаралық хабтарды салу бойынша ауқымды жобалар іске асырылып жатқанын айтты.
Смайыловтың айтуынша, заманауи сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы негізгі жобалардың бірі – Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Орталық Азия" халықаралық өндірістік ынтымақтастық орталығы. Осындай өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешен Қырғызстанмен шекарада да салынбақ.
"Сонымен қатар біз бірлестігіміздің аясында шекарамыздың периметрі бойынша Қазақстанда құрылған және жұмыс істеп тұрған уақытша сақтау қоймаларын пайдалану арқылы байланыстарды кеңейтуді ұсынамыз", — деді премьер-министр.
Үкімет басшысы атап өткендей, Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Осы бағытты дамыту мақсатында Иран, Түрікменстан және Ресеймен бірлестікте тиісті Жол картасы іске асырылуда. Бұл дәліздің өткізу қабілетін 2027 жылға дейін 10 млн-нан 15 млн тоннаға дейін арттырады.
"Қазақстан-Түрікменстан-Иран" теміржолы Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы ЭЫҰ мемлекеттері арасындағы ең қысқа жол ретінде ерекше маңызға ие. Осы жылдың 9 айында аталған бағыт бойынша Иранға қарай жүк ағыны 9%-ға артып, 1,5 млн тоннадан асты.
Смайылов әкімшілік кедергілерді жою, көлік-логистикалық жүйелердің интеграциясын тереңдету мәселелері бойынша бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.
Жаңалықтар
0