https://sputnik.kz/20231109/putin-qazaqstannyn-uqshu-ga-toragalygyna-qoldau-korsetuge-dayyn-ekenin-rastady-40056910.html
Путин: Қазақстан мен Ресей – жақын одақтас елдер
Путин: Қазақстан мен Ресей – жақын одақтас елдер
Sputnik Қазақстан
Ақордада екі ел басшысының қатысуымен шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтті 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T16:24+0500
2023-11-09T16:24+0500
2023-11-09T17:58+0500
владимир путин
қасым-жомарт тоқаев
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40053025_0:216:2871:1831_1920x0_80_0_0_b0aa3e8e84bc5a48dbc7910972193739.jpg
АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан астанасындағы бүгінгі кездесу екіжақты қатынастардың жай-күйі жөнінде пікір алмасып, келешекті бағамдауға жақсы мүмкіндік беретінін айтты, деп жазды Ақорда.Ресей президентінің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар сенімді түрде әрі табысты дамып келеді. Оған цифрлар дәлел.Оның айтуынша, өз қажеттіліктерімізді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық нарықтардағы көптеген серіктестерімізге де көмектесуге мүмкіндігіміз бар."Мәселе ынтымақтамастықтың барлық артықшылығын пайдаланып, келешекте осы мүмкіндіктерді арттыруда ғана болып тұр. Арғы күні Ресей мен Қазақстан арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Бұл біздің көпжақты достық қарым-қатынасымызды дамытудың берік негізіне айналды", – деді Владимир Путин.Ресей президенті екі мемлекеттің халықаралық аренадағы конструктивті ықпалдастығын, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, БҰҰ және ШЫҰ аясындағы үйлесімді қарым-қатынасын жоғары бағалады. Сондай-ақ ол 2024 жылы Ресейдің БРИКС пен ТМД-ға, ал Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өзара қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Владимир Путин Ақордада өткен шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын айтты.Сондай-ақ Ресей президенті дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты."Ресей мен Қазақстан – жай ғана емес, ең жақын одақтастар. Мұндай қарым-қатынас ұзақ жылдар бойы қалыптасты. Халықтарымыздың игілігіне қалтқысыз қызмет ететін байланыстарымызды нығайту дәстүрін жалғастырып отырғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтқым келеді", – деді Ресей президенті.Владимир Путин ауыл шаруашылығымен қатар, білім және ғылым, жоғары технология, машина жасау, химия өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндіріс сияқты салалар ынтымақтастығымыздың басым бағыттарына айналуға тиіс деп санайды.Кездесу соңында президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты қатынастарды нығайтуға және Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге қос тарап та бейілді екенін растады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40053025_67:281:2422:2047_1920x0_80_0_0_0becf6329f18f8d2dcaf4581ff4c6628.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, қасым-жомарт тоқаев, ұқшұ
владимир путин, қасым-жомарт тоқаев, ұқшұ
Путин: Қазақстан мен Ресей – жақын одақтас елдер
16:24 09.11.2023 (жаңартылды: 17:58 09.11.2023) Ақордада екі ел басшысының қатысуымен шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтті
АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан астанасындағы бүгінгі кездесу екіжақты қатынастардың жай-күйі жөнінде пікір алмасып, келешекті бағамдауға жақсы мүмкіндік беретінін айтты, деп жазды Ақорда.
Ресей президентінің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар сенімді түрде әрі табысты дамып келеді. Оған цифрлар дәлел.
"Біз жаңа ғана XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатыстық. Бұл – өте жақсы формат. Адамдар бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап, жұмыс істейді, араласады әрі бұл әрдайым елеулі нәтиже береді. Осы жолы да солай боларына сенімдімін. Бұған қоса өте маңызды тақырып таңдалып отыр. Азық-түлік – кез келген қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігінің негізі. Елдеріміздің әлеуеті зор", - дейді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.
Оның айтуынша, өз қажеттіліктерімізді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық нарықтардағы көптеген серіктестерімізге де көмектесуге мүмкіндігіміз бар.
"Мәселе ынтымақтамастықтың барлық артықшылығын пайдаланып, келешекте осы мүмкіндіктерді арттыруда ғана болып тұр. Арғы күні Ресей мен Қазақстан арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Бұл біздің көпжақты достық қарым-қатынасымызды дамытудың берік негізіне айналды", – деді Владимир Путин.
Ресей президенті екі мемлекеттің халықаралық аренадағы конструктивті ықпалдастығын, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, БҰҰ және ШЫҰ аясындағы үйлесімді қарым-қатынасын жоғары бағалады. Сондай-ақ ол 2024 жылы Ресейдің БРИКС пен ТМД-ға, ал Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде өзара қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Владимир Путин Ақордада өткен шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын айтты.
Сондай-ақ Ресей президенті дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
"Ресей мен Қазақстан – жай ғана емес, ең жақын одақтастар. Мұндай қарым-қатынас ұзақ жылдар бойы қалыптасты. Халықтарымыздың игілігіне қалтқысыз қызмет ететін байланыстарымызды нығайту дәстүрін жалғастырып отырғаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтқым келеді", – деді Ресей президенті.
Владимир Путин ауыл шаруашылығымен қатар, білім және ғылым, жоғары технология, машина жасау, химия өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндіріс сияқты салалар ынтымақтастығымыздың басым бағыттарына айналуға тиіс деп санайды.
Кездесу соңында президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты қатынастарды нығайтуға және Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді ілгерілетуге қос тарап та бейілді екенін растады.