Жамбыл облысында адамдар астан жаппай уланды: 35 адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
Жазылу
Мектептегі тамақпен қамтуға жауапты жеке кәсіпкер “Тоқсейітовтің" жұмысы уақытша тоқтатылды
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. Жамбыл облысындағы ауыл мектебінде 44 адам жаппай астан уланып қалды, оның 35-і ауруханаға жатқызылды. Бұдан бөлек тағы 25 мектепке тамақпен қамту бойынша қызмет көрсететін жеке кәсіпкердің қызметі уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"2023 жылдың 7 қарашасында Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның 44 оқушысы мен 2 мұғалімі “ішек инфекциясы" диагнозымен Байзақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылған болатын. Олардың 13-і ем қабылдаған соң, үйлеріне жіберілді. Менің тапсырмам бойынша білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары кеше Байзақ ауданына шұғыл барды", - деп жазды әкім.
Оның айтуынша, барлық диагностикалық және емдік шаралар облыстағы таңдаулы инфекционистер, педиатрлар, токсиколог мамандарының қадағалауымен жүзеге асуда.
Әкім сондай-ақ мектептегі тамақпен қамтуға жауапты жеке кәсіпкер “Тоқсейітовтің" жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0