https://sputnik.kz/20231108/qazaqstan-reseylik-gazdy-tasymaldau-kolemin-odan-ari-ulgaytuga-dayyn--toqaev-39990920.html
Қазақстан ресейлік газды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын – Тоқаев
Қазақстан ресейлік газды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Ресейдің көгілдір отынын тасымалдау ісі жобаға қатысушы барлық тараптың мүддесіне сай келеді деп атап өтті Қазақстан президенті 08.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-08T07:56+0500
2023-11-08T07:56+0500
2023-11-08T07:59+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39899035_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_772a1cd4d2c3512ef5fc5f0cc99038b3.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалануға мүдделі және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Известия" газетіне берген сұхбатында.Тоқаев биыл 1 қарашада өткен Халықаралық газ форумында Қазақстан үкіметі мен "Газпром" арасында Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Бұл – 15 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өзара тиімді серіктестік жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған ұзақмерзімді құжат."Газ саласы мемлекеттеріміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресінде ерекше рөл атқарады. Сондықтан Ресейдің көгілдір отынын тасымалдау ісі жобаға қатысушы барлық тараптың мүддесіне сай келеді", - деп атап өтті Тоқаев.7 қазанда Ресей, Өзбекстан және Қазақстан президенттері ресейлік газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосқан болатын.Президенттің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға, Орталық Азияның аймақтық тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, елдеріміздің өндірістік дамуына, бизнес-ахуалды жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға тың серпін береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39899035_72:0:1271:899_1920x0_80_0_0_e9695c310f02de6e06934b58eea288ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан ресейлік газды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын – Тоқаев
07:56 08.11.2023 (жаңартылды: 07:59 08.11.2023) Ресейдің көгілдір отынын тасымалдау ісі жобаға қатысушы барлық тараптың мүддесіне сай келеді деп атап өтті Қазақстан президенті
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалануға мүдделі және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайын, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік "Известия" газетіне берген сұхбатында.
"Біз өзіміздің транзиттік әлеуетімізді толыққанды пайдалануға мүдделіміз және Ресей газын тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайтуға дайынбыз", - деді Қазақстан президенті.
Тоқаев биыл 1 қарашада өткен Халықаралық газ форумында Қазақстан үкіметі мен "Газпром" арасында Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Бұл – 15 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өзара тиімді серіктестік жоспарын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған ұзақмерзімді құжат.
"Газ саласы мемлекеттеріміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресінде ерекше рөл атқарады. Сондықтан Ресейдің көгілдір отынын тасымалдау ісі жобаға қатысушы барлық тараптың мүддесіне сай келеді", - деп атап өтті Тоқаев.
7 қазанда Ресей, Өзбекстан және Қазақстан президенттері ресейлік газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосқан болатын.
Президенттің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға, Орталық Азияның аймақтық тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, елдеріміздің өндірістік дамуына, бизнес-ахуалды жақсартуға, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға тың серпін береді.