https://sputnik.kz/20231108/putin-qazaqstan-turaly-odaqtastyq-qarym-qatynastarymyzdyn-bolashagyna-senimmen-qaraymyn-39990735.html
Путин Қазақстан туралы: одақтастық қарым-қатынасымыздың болашағына сеніммен қараймын
Путин Қазақстан туралы: одақтастық қарым-қатынасымыздың болашағына сеніммен қараймын
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік аумақтық тұтастық пен араласпау қағидаттарына негізделген, деп мәлімдеді Ресей президенті... 08.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-08T07:33+0500
2023-11-08T07:33+0500
2023-11-08T08:37+0500
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39460970_0:0:3074:1730_1920x0_80_0_0_8a0fc9b7b4ff6d32c91bb9d38cb88659.jpg
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік аумақтық тұтастық пен араласпау қағидаттарына негізделген, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында.Владимир Путин 9 қарашада Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді."Бүгінде Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік ерекше басым сипатқа ие және белсенді дамып келеді.Ол өзара сыйластық, егемендікті, аумақтық тұтастықты тану және ішкі істерге араласпау қағидаттарына негізделген. Мұны екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін құжаттардың кең ауқымы (350-ден астам) растайды", - деді Путин.Тоқаев туралы: "Біз – бір дәуірдің адамдарымыз"РФ басшысының айтуынша, Ресей мен Қазақстанның өзара іс-қимылының жоғары деңгейі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке байланыстарынан да көрінеді."Қасым-Жомарт Кемелұлымен біз бірден шынайы достық, тығыз қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Біз – бір дәуірдің адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз өз елдеріміздің дамуы мен өркендеуі үшін, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.Үнемі қоңырау шалып, әртүрлі форматтарда кездесеміз-екіжақты күн тәртібі бойынша да, көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша да талқылаймыз. Мұндай жеке байланыстар Ресей-Қазақстан байланыстарының жоғары деңгейін толық көрсетеді", - деп атап өтті Путин.Оның айтуынша, елдер арасындағы өзара тауар айналымы жақсы қарқынмен өсіп келеді. Өткен жылы ол 10,2 пайызға өсіп, рекордтық көрсеткішке — 28,2 миллиард долларға жетсе, биылғы қаңтар-тамызда тағы 7,6 пайызға өсіп, 18,9 миллиард долларға жетті.Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралыРесей Қазақстанға елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыруда көмектесуге дайын, бұл туралы 18 қаңтарда Қазақстан үкіметі мен "Газпром" қол қойған газ саласындағы ынтымақтастықтың жол картасында бар.Қазір тиісті газ тасымалдау инфрақұрылымын жөндеудің түрлі нұсқалары пысықталуда, деп атап өтті Ресей президенті.Қазақстан басшылығы атом электр стансасын салу мәселесін пысықтауда, ал "Росатом" мемлекеттік корпорациясы ең озық технологияларды пайдалана отырып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын", - деді Путин."Бұл Қазақстан экономикасының энергиямен қамтамасыз етілуін арттырады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді", - деді Ресей президенті.Екі елдің жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастығы да өзекті."Экономиканы көміртексіздендіру мен энергетикаға көшуге деген көзқарастарымызда ортақ нәрсе көп. Біздің елдер 2060 жылға қарай парник газдары шығарындыларын нөлдік эмиссияға дейін жеткізуді жоспарлап отыр", - деді Путин.Форумда "келісімдердің қомақты пакетіне" қол қойылады деп күтілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39460970_23:0:2754:2048_1920x0_80_0_0_fea2a183650f0d8d1bc9f45a1e824ba0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік аумақтық тұтастық пен араласпау қағидаттарына негізделген, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында.
Владимир Путин 9 қарашада Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
"Бүгінде Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік ерекше басым сипатқа ие және белсенді дамып келеді.Ол өзара сыйластық, егемендікті, аумақтық тұтастықты тану және ішкі істерге араласпау қағидаттарына негізделген. Мұны екі ел арасындағы қатынастарды реттейтін құжаттардың кең ауқымы (350-ден астам) растайды", - деді Путин.
Тоқаев туралы: "Біз – бір дәуірдің адамдарымыз"
РФ басшысының айтуынша, Ресей мен Қазақстанның өзара іс-қимылының жоғары деңгейі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке байланыстарынан да көрінеді.
"Қасым-Жомарт Кемелұлымен біз бірден шынайы достық, тығыз қарым-қатынас орнатқанымызды бірнеше рет атап өттім. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Біз – бір дәуірдің адамдарымыз және өз мемлекеттеріміз үшін барлық жауапкершілікті бірдей сезінеміз. Біз өз елдеріміздің дамуы мен өркендеуі үшін, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Үнемі қоңырау шалып, әртүрлі форматтарда кездесеміз-екіжақты күн тәртібі бойынша да, көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша да талқылаймыз. Мұндай жеке байланыстар Ресей-Қазақстан байланыстарының жоғары деңгейін толық көрсетеді", - деп атап өтті Путин.
Оның айтуынша, елдер арасындағы өзара тауар айналымы жақсы қарқынмен өсіп келеді. Өткен жылы ол 10,2 пайызға өсіп, рекордтық көрсеткішке — 28,2 миллиард долларға жетсе, биылғы қаңтар-тамызда тағы 7,6 пайызға өсіп, 18,9 миллиард долларға жетті.
Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы
Ресей Қазақстанға елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыруда көмектесуге дайын, бұл туралы 18 қаңтарда Қазақстан үкіметі мен "Газпром" қол қойған газ саласындағы ынтымақтастықтың жол картасында бар.
Қазір тиісті газ тасымалдау инфрақұрылымын жөндеудің түрлі нұсқалары пысықталуда, деп атап өтті Ресей президенті.
Қазақстан басшылығы атом электр стансасын салу мәселесін пысықтауда, ал "Росатом" мемлекеттік корпорациясы ең озық технологияларды пайдалана отырып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын", - деді Путин.
"Бұл Қазақстан экономикасының энергиямен қамтамасыз етілуін арттырады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді", - деді Ресей президенті.
Екі елдің жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастығы да өзекті.
"Экономиканы көміртексіздендіру мен энергетикаға көшуге деген көзқарастарымызда ортақ нәрсе көп. Біздің елдер 2060 жылға қарай парник газдары шығарындыларын нөлдік эмиссияға дейін жеткізуді жоспарлап отыр", - деді Путин.
Форумда "келісімдердің қомақты пакетіне" қол қойылады деп күтілуде.