https://sputnik.kz/20231108/ontustik-oblystarda-qazaqstan-resey-birlesken-bilim-beru-mekemeleri-ashyluy-mumkin---toqaev-39992485.html
Оңтүстік облыстарда Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін - Тоқаев
Оңтүстік облыстарда Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып алып жатыр 08.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-08T09:18+0500
2023-11-08T09:18+0500
2023-11-08T09:31+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37178744_0:0:3219:1810_1920x0_80_0_0_c7279435fa766fb3712decf3d57135da.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр, деді мемлекет басшысы "Известия" газетіне берген сұхбатында.Тоқаев екі ел арасында орта, кәсіптік және бастауыш білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша қандай жоспарлар бар екенін айтты.Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып алып жатыр. Бұл өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп.Президент атап өткендей, Қазақстанда техникалық бейіндегі шетелдік жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр."Биыл еліміз Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің филиалдарын тең негізде құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялады",- деп атап өтті мемлекет басшысы.Соның нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Келесі жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр."Халықтарымыздың тарихи және мәдени жақындығын ескерсек, орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге екі тараптың да қызығушылығы бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз",- деп атап өтті |Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37178744_209:0:2938:2047_1920x0_80_0_0_e47f6850364e2a432d731bae7251d621.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Оңтүстік облыстарда Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін - Тоқаев
09:18 08.11.2023 (жаңартылды: 09:31 08.11.2023) Қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып алып жатыр
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр, деді мемлекет басшысы "Известия" газетіне берген сұхбатында.
Тоқаев екі ел арасында орта, кәсіптік және бастауыш білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша қандай жоспарлар бар екенін айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып алып жатыр. Бұл өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп.
"Бұдан Ресей жоғары оқу орындарының білім әлеуеті жоғары әрі сұранысқа ие екенін байқауға болады. Сонымен қатар мұндай таңдау жасауға территориямыздың жақындығы, тілдік кедергінің жоқтығы, оқу ақысының қолжетімділігі, оқытушылар құрамының біліктілігі, көптеген білім ордасының кеңес кезеңінен бері қалыптасқан беделі мен атағы ықпал етті", - деді Тоқаев.
Президент атап өткендей, Қазақстанда техникалық бейіндегі шетелдік жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Биыл еліміз Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің филиалдарын тең негізде құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялады",- деп атап өтті мемлекет басшысы.
Соның нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Келесі жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр.
"Халықтарымыздың тарихи және мәдени жақындығын ескерсек, орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге екі тараптың да қызығушылығы бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз",- деп атап өтті |Тоқаев.