Кәсіпкерлер үкіметтің қосарланған құн салығы мөлшерлемесін көтеру бастамасына қарсы шықты

© Photo : РixabayПодписание документов
Подписание документов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметтің қосарланған құн салығын көтеруге қатысты бастамасына қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан палатаның ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап қосарланған құн салығын 12 проценттен 16-ға дейін көтеруді ұсынды. Соның арқасында бюджетке қосымша 2-2,4 трлн теңге түседі деген жоспар бар. Есесіне ұлттық қордан алынатын қаражатты азайтуға болады. Ал "Атамекен" палатасына кіретін кәсіпкерлер ондай бастамаға қарсы. Олар бюджет шығыстарын оңтайландырып, қосымша резервтерді іздеу қажет деп санайды. Бизнесмендер қосарланған құн салығын 10 процентке дейін төмендетуді ұсынып отыр.
"Бұл шара салық жинауды арттыруға, ақша қаражатының көлеңкелі ағындарын азайтуға, демек, экономиканың өсуін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ал салықтың өсуі, керісінше, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеп соғады. Халықтың сатып алу қабілеті мен тұтынушылық сұраныс төмендейді", - дейді палата басшысы Райымбек Баталов.
Оның айтуынша, 2005 жылы қосарланған құн салығы 1%-ға төмендегенде жиналған салықтың көлемі 143 процентке өскен.
"Қосарланған құн салығы төмендесе, салық жиналымының артатыны – бүкіл әлемдегі дәлелденген практика. Мұндай әсерді Өзбекстанның тәжірибесінен де көруге болады. 2019 жылдың қазанында Өзбекстан билігі қосымша құн салығы мөлшерлемесін 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетті. Үш жыл ішінде бюджетке ішкі тауарлаға ҚҚС-тан түсім 2020 жылы 20,5 трлн сумнан 2022 жылы 32,8 трлн сумға дейін өскен. Сол кезеңде импорттан ҚҚС көлемі екі еске өскен", – деп атап көрсетті палата басшысы.
Биыл Өзбекстан қосарланған құн салығын тағы 12 процентке дейін азайтты. Ал Қазақстан бұл салықты көтере берсе, Орта Азияда салық режимі қолайлы ел мәртебесінен айрылады. Соның салдарынан ұлттық экономиканың инвестициялық тартымдылығы нашарлайды.
Палата мамандары өзге елдердегі қосарланған құн салығының мөлшерін де мысалға келтірді. Олар:
Қытайда 13%;
Қырғызстанда – 12%;
Оңтүстік Кореяда – 10%;
БАӘ және Канадада - 5%.
Министр национальной экономики Алибек Куантыров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Қосымша құн салығы өссе, тауарлар қымбаттай ма – министр жауабы
Жаңалықтар
0