https://sputnik.kz/20231108/ekibastuz-komir-kenishinde-zhumysshy-qaza-tapty--oqiganyn-man-zhayy-39991496.html
Екібастұз көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты – оқиғаның мән-жайы
Екібастұз көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Ер адамды жүк авиоцистернасының кабинасы басып қалған 08.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-08T08:24+0500
2023-11-08T08:24+0500
2023-11-08T08:34+0500
өңірлер
екібастұз
жұмысшы
қайғылы оқиға
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Екібастұздағы "Шығыс" көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған павлодарлық пабликтердің бірі жазды.Қайғылы оқиға көмір кенішіндегі жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу бекетінде болған. "Шығыс" кеніші – "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ филиалы. Сол жерде өзге ұйымның көлік жүргізушісі жүк автоцистернасының кабинасын көтеріп, ішіне үңіліп қараған.Павлодар облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов Sputnik Қазақстан тілшісіне жұмысшының қайтыс болғанын растады. Марқұмның отбасы мүшелері арыз жазып, еңбек инспекциясынан көмек сұраған.Оның айтуынша, ер адам екібастұздық жеке кәсіпкерде жұмысшы болып істеген. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні түнде болған. Бірақ ресми ақпарат басқармаға әлі түскен жоқ.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жұмысшы, қайғылы оқиға
екібастұз, жұмысшы, қайғылы оқиға
Екібастұз көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты – оқиғаның мән-жайы
08:24 08.11.2023 (жаңартылды: 08:34 08.11.2023) Ер адамды жүк авиоцистернасының кабинасы басып қалған
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Екібастұздағы "Шығыс" көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған павлодарлық пабликтердің бірі жазды.
Қайғылы оқиға көмір кенішіндегі жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу бекетінде болған. "Шығыс" кеніші – "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ филиалы. Сол жерде өзге ұйымның көлік жүргізушісі жүк автоцистернасының кабинасын көтеріп, ішіне үңіліп қараған.
"Сол кезде кабина төмен түсіп кетті. Ал ер адам қысылып қалған. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - дейді компания мамандары.
Павлодар облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов Sputnik Қазақстан тілшісіне жұмысшының қайтыс болғанын растады. Марқұмның отбасы мүшелері арыз жазып, еңбек инспекциясынан көмек сұраған.
Оның айтуынша, ер адам екібастұздық жеке кәсіпкерде жұмысшы болып істеген. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні түнде болған. Бірақ ресми ақпарат басқармаға әлі түскен жоқ.