ЕАЭО экономикалық тұрақтылық тұрғысынан шешуші рөл атқарады – Ресей президенті

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
Жазылу
2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы екіжақты есеп айырысу құрылымындағы ұлттық валюталардың үлесі 75% - дан асқан.
АСТАНА, 8 қараша - Sputnik. ЕАЭО шеңберінде одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуына, оларды жаңғыртуға және жаһандық ауқымда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдайлар жасалып жатыр, деп есептейді Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей басшысының айтуынша, экономикалық тұрақтылық тұрғысынан шешуші рөл Еуразиялық экономикалық одаққа беріледі.
"Оның шеңберінде одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуына, оларды жаңғыртуға және жаһандық ауқымда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдайлар жасалып жатыр. Қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайларда технологиялық егемендікті қамтамасыз етуге, тәуелсіз қаржы инфрақұрылымын құруға, өзара есептеулерде ұлттық валюталардың үлесін арттыруға баса назар аударылады", - деді Ресей президенті "Казахстанская Правдаға" берген сұхбатында.
Тағы бір өңірлік формат – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – кең еуразиялық кеңістікте бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың ажырамас элементі ретінде қарастырылады, деп атап өтті РФ басшысы.
"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей ТМД-да төраға болады. Біздің негізгі басымдықтарымыздың қатарында экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету, мәдени-гуманитарлық байланыстарды, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы байланыстарды кеңейту, Еуразиялық интеграциялық процестерді ұштастыру бар", - деп атап өтті Путин.
Өзара есеп айырысуда елдер ұлттық валюталарды пайдаланады. Үкіметаралық комиссияның отырысында айтылған Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың ақпараты бойынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы екіжақты есеп айырысу құрылымындағы ұлттық валюталардың үлесі 75% - дан асқан.
Жаңалықтар
0