https://sputnik.kz/20231108/almaty-aporty-qazaqstandyq-brend-retinde-tirkeldi-40015212.html
"Алматы апорты" қазақстандық бренд ретінде тіркелді
"Алматы апорты" қазақстандық бренд ретінде тіркелді
Sputnik Қазақстан
Қазір Қызылорда күріші мен әміре қауыны, Түркістан қауыны, құрт сияқты түрлі тауарларды ресми тізімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр 08.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-08T19:38+0500
2023-11-08T19:38+0500
2023-11-08T19:38+0500
алматы
алма мерекесі
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18730470_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_6b1870ba8982cef1086b9a9619ca74cb.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Әділет министрлігі отандық апорт құқығын шетелде заңмен қорғайды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.Енді алматылық апорт шетелдік сауда орындарында сатылатын болса, географиялық көрсеткіші Қазақстан деп көрсетіледі. Бұл тізімге Түркістан шоколады мен Қарағанды балмұздағы да енді.Қазір Қызылорда күріші мен әміре қауыны, Түркістан қауыны, құрт, Жаңарқаның соғымы, Қоғалының картобы сияқты түрлі тауарларды ресми тізімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр."Әділет министрлігі өңірлерде шығатын өнімдерді аталған тізімге енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Географиялық көрсеткіш" ауыл шаруашылығы, азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қолөнер туындыларына қатысты қолданылады. Географиялық көрсеткіштің ұлттық брендті насихаттау және оны шет елдерде таныстыру кезінде маңыздылығы зор", - деп түсіндірді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18730470_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_284221bb852e83b7e2ea0aac0040a3d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, алма мерекесі
"Алматы апорты" қазақстандық бренд ретінде тіркелді
Қазір Қызылорда күріші мен әміре қауыны, Түркістан қауыны, құрт сияқты түрлі тауарларды ресми тізімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Әділет министрлігі отандық апорт құқығын шетелде заңмен қорғайды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлады
Хабар 24. Енді алматылық апорт шетелдік сауда орындарында сатылатын болса, географиялық көрсеткіші Қазақстан деп көрсетіледі. Бұл тізімге Түркістан шоколады мен Қарағанды балмұздағы да енді.
Қазір Қызылорда күріші мен әміре қауыны, Түркістан қауыны, құрт, Жаңарқаның соғымы, Қоғалының картобы сияқты түрлі тауарларды ресми тізімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Әділет министрлігі өңірлерде шығатын өнімдерді аталған тізімге енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Географиялық көрсеткіш" ауыл шаруашылығы, азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қолөнер туындыларына қатысты қолданылады. Географиялық көрсеткіштің ұлттық брендті насихаттау және оны шет елдерде таныстыру кезінде маңыздылығы зор", - деп түсіндірді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.