АЭС құрылысы: екі америкалық компанияның ұсынысы қарастырылып жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовАлмасадам Сәтқалиев
Алмасадам Сәтқалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
Жазылу
Министр Сәтқалиев шешім референдумнан кейін қабылданатынын атап өтті
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі атом электр станциясының құрылысы бойынша қосымша екі америкалық компанияның ұсынысын қарастырып жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Росатом" компаниясы – вендорлардың бірі. "Росатомнан" бөлек франциялық EDF, Корея, Қытай компаниялары өтінім берді. Сондай-ақ біз екі америкалық компанияның – General Electric және NuScale ұсыныстарын қосымша қарастырып жатыр. Яғни біз шағын модульді реакторлар орнату технологиясын зерттеп жатырмыз", - деді Сәтқалиев мәжіліс кулуарында.
Министр шешім референдумнан кейін қабылданатынын атап өтті. Айтуынша, қазір ведомство референдумды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып жатыр.
Биыл қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында атом электр станциясының құрылысына қатысты жалпыхалықтық референдум өткізуді тапсырған болатын.
Архивное фото АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
АЭС салу мәселесінде Ресейдің жәрдем беру ұсынысын Қазақстан жоғары бағалайды - президент
Жаңалықтар
0