https://sputnik.kz/20231107/zhylyna-2-million-tonna-zhasyl-sutegin-ondiretin-zauyt-salynady-39985008.html
Жылына 2 миллион тонна "жасыл" сутегін өндіретін зауыт салынады
Жылына 2 миллион тонна "жасыл" сутегін өндіретін зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған 07.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-07T17:26+0500
2023-11-07T17:26+0500
2023-11-07T17:26+0500
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/07/39984219_0:72:1280:792_1920x0_80_0_0_93675d76e4bbbec3f1a70e67a4e49985.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында "жасыл" сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.Жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт болатын әрі жылына 2 миллион тонна "жасыл" сутегін немесе 11 миллион тонна "жасыл" аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу және пайдалану көзделіп отыр. Инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асады.Вольфганг Кропп жобалық құжаттама 2026 жылға қарай аяқталатынын айтты. Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/07/39984219_64:0:1216:864_1920x0_80_0_0_62eed5444eef639182cb9ee54931755f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт
Жылына 2 миллион тонна "жасыл" сутегін өндіретін зауыт салынады
Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында "жасыл" сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.
"Мемлекет басшысына Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары (Pre-FEED) жүргізіле бастағаны жөнінде мәлімет берілді", - деп жазылған хабарламада.
Жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт болатын әрі жылына 2 миллион тонна "жасыл" сутегін немесе 11 миллион тонна "жасыл" аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу және пайдалану көзделіп отыр. Инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асады.
Вольфганг Кропп жобалық құжаттама 2026 жылға қарай аяқталатынын айтты. Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.