https://sputnik.kz/20231107/tuymebaevprezidentke-qazuu-de-400-gylymi-zhoba-iske-asyrylyp-zhatqanyn-aytty-39977856.html
Түймебаев президентке ҚазҰУ-де 400 ғылыми жоба іске асырылып жатқанын айтты
Түймебаев президентке ҚазҰУ-де 400 ғылыми жоба іске асырылып жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
Ғылыми жобалардың жалпы құны 8,1 миллиард теңгеге бағаланған 07.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-07T14:20+0500
2023-11-07T14:20+0500
2023-11-07T14:25+0500
жансейіт түймебаев
ғылым
https://sputnik.kz/img/246/75/2467512_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_538df7610c605bc9b2212d28d559982f.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды.Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.Бұдан бөлек, мемлекет басшысына 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/246/75/2467512_68:0:1133:799_1920x0_80_0_0_5cc759ce4e187904198d4ba09375f659.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жансейіт түймебаев, ғылым
жансейіт түймебаев, ғылым
Түймебаев президентке ҚазҰУ-де 400 ғылыми жоба іске асырылып жатқанын айтты
14:20 07.11.2023 (жаңартылды: 14:25 07.11.2023) Ғылыми жобалардың жалпы құны 8,1 миллиард теңгеге бағаланған
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды.
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.
"Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысына 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.