Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Қорғаныс министрлігі: Украина әскері 17 дронмен шабуыл жасамақ болды

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуҰшқышсыз ұшатын аппарат
Ұшқышсыз ұшатын аппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Украина әскері 17 дронмен шабуыл жасамақ болды, Ресей әуе қорғанысы 9-ын жойып, Қара теңіз бен Қырым түбегінің үстінен ұшқан 8 дронды бөгеді, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.
"7 қарашада таңертең Киев режимінің Ресей Федерациясы аумағында ұшақ үлгісіндегі он жеті ұшқышсыз ұшатын аппаратпен шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды. Әуе қорғанысының кезекші құралдары тоғыз украиналық аппаратты жойып, сегізін Қара теңіз акваториясы мен Қырым Республикасының аумағында бөгеді", - деп нақтылады ведомство.
Украина Ресейдің шекаралас аумақтарына оқ жаудырып, дронмен соққы беруін жалғастырып жатыр.
Қырым мен Севастопольде террористік қауіптің сары деңгейі іске қосылған.
Бұған дейін Севастопольде құлатылған дрондардың бірінің сынықтары жеке үйдің төбесіне түсті, жедел қызметтер өртті сөндіріп жатыр деп хабарланған болатын губернатор Михаил Развожаев өзінің Telegram каналында. Ол бұған дейін Севастопольде әуе қорғанысы жүйесі жұмыс істегенін, теңіз үстінде бес дрон атып түсірілгенін хабарлаған.
Жаңалықтар
0