https://sputnik.kz/20231107/qyzylorda-zhane-pavlodar-oblysynda-telefon-terrorisi-ustaldy-39961672.html
Қызылорда және Павлодар облысында телефон террорисі ұсталды
Қызылорда және Павлодар облысында телефон террорисі ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ішімдік ішкен ер адамдар полицияға хабарласып, жарылғыш зат қойылғанын айтқан 07.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-07T14:48+0500
2023-11-07T14:48+0500
2023-11-07T14:48+0500
ұялы телефон
https://sputnik.kz/img/340/11/3401192_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a4424232f9bb912c7592265b0c27cbc5.jpg
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. Полиция қызметкерлері терроризм туралы жалған ақпарат берді деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.5 қараша кешкі уақытта Қызылорда облысы полиция департаментінің 102 пультіне ұялы телефоннан белгісіз адам қоңырау шалып, кенттердің біріндегі үйлер арасында жарылғыш зат жасырылғанын хабарлаған. Оқиға орнына арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары жіберілді. Техниктер мен кинолог мамандар жарылғыш заттың жоқ екенін анықтаған.Павлодар облысында да мас ер адам бомба қойылғанын айтқан."Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай болды. 6 қараша таңғы уақытта Павлодар облысы полиция департаментінің 102 пультіне қала тұрғыны қоңырау шалып, облыс орталығындағы үйлердің біріне бомба қойылғанын айтқан. Ақпарат расталмады", - дейді полиция.Тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні тез арада анықтап, құрықтады. Ер адам мас болған.Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/340/11/3401192_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_59e0fe463d2d1d65992a2f2a20edcaa1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұялы телефон
Қызылорда және Павлодар облысында телефон террорисі ұсталды
Ішімдік ішкен ер адамдар полицияға хабарласып, жарылғыш зат қойылғанын айтқан
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. Полиция қызметкерлері терроризм туралы жалған ақпарат берді деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлады
Polisia.kz. 5 қараша кешкі уақытта Қызылорда облысы полиция департаментінің 102 пультіне ұялы телефоннан белгісіз адам қоңырау шалып, кенттердің біріндегі үйлер арасында жарылғыш зат жасырылғанын хабарлаған. Оқиға орнына арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары жіберілді. Техниктер мен кинолог мамандар жарылғыш заттың жоқ екенін анықтаған.
"Полиция 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамның анасы жанжалдан кейін үйден кетіп қалған. Оны қайтару үшін ер адам мас күйде полицияға қоңырау шалып, бомба туралы жалған хабар берген", - дейді ведомство.
Павлодар облысында да мас ер адам бомба қойылғанын айтқан.
"Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай болды. 6 қараша таңғы уақытта Павлодар облысы полиция департаментінің 102 пультіне қала тұрғыны қоңырау шалып, облыс орталығындағы үйлердің біріне бомба қойылғанын айтқан. Ақпарат расталмады", - дейді полиция.
Тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні тез арада анықтап, құрықтады. Ер адам мас болған.
Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.